4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Пайыз, бұрыш диаграмма» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
А-деңгейі
Оқу мақсаты:
5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру;
5.1.2.34 берілген санның пайызын табу;
5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу;
5.3.1.5 бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық )
5.3.3.2 градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу
5.4.4.2 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу;
Бағалау критерийі Білім алушы
бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдырады;
берілген санның пайызын табады;
берілген пайызы бойынша санды табады
сурет бойынша бұрыштардың түрлерін анықтайды
градустық шамасы берілген бұрышты транспортир көмегімен салады
кестедегі мәліметтер негізінде дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салады;