Текст
5–6 сынып оқушыларына арналған математика үйірмесінде «Сен білесің.бе?» атты қызықты ойын өткізілді. Оқушыларға жануарлардың, өсімдіктердің және жәндіктердің өмір сүру ұзақтығы туралы сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап үшін команда ұпай жинады, ал қате жауап бергендер секіртпемен секірді. Ойын оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, олар белсенді қатысып, білімділіктері мен зеректіліктерін көрсетті. Мұндай жұмыс түрі математикалық ойлау мен зейінді дамытып қана қоймай, көңілді әрі достық атмосфера қалыптастырады.