Текст
Ұйымдар тізімі
Мектеп кітапханасында белгілі қазақстандық балалар жазушысы, ақын және педагог Әдібай Табылдиевтің шығармашылығына арналған «Әдібай Табылдиев кітап беттеріне саяхат» атты дауыстап оқу сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылық жолы, балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеленді.Оқушылар оның шығармаларынан үзінділерді дауыстап оқып, мазмұнын талқылап, өз әсерлерімен бөлісті.
Іс-шараға орай жазушының шығармалары қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылып, ол оқушылардың қызығушылығын тудырды. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.


«Адал Азамат» тәрбие...