Текст
16 тамызда «Балақайлар мектебінде» 4 сабақ өтті. Сөйлеуді дамыту сабағында бүлдіршіндер қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысуларын жалғастырып, «Тұсау кесер» ырымын сахналап, «Жеті ата» шежіресін айтып, ырымдар туралы әңгімеледі. Сауат ашу сабағында дауыссыз дыбыстармен танысуды жалғастырып, «Дауыссыз әріптерді тап» ойынын ойнады. Қоршаған ортамен танысу сабағында жол қозғалысы ережелерімен танысты, танымдық мультфильм тамашалады, «Бағдаршам» ойынын ойнады. Сурет сабағында геометриялық пішіндерді қызықты заттарға айналдырды. Үзілісте ойын алаңында ойнады, жаттығу залында «Ортаға түспек» және «Мысық пен тышқан» ойындарын ойнады.