Текст
14.03 күні “Әдебиеттік оқу” сабағынан жоспарға сай 4 “А” сыныбында соңғы Lesson study зерттеу сабағы өтті.
Тақырыбы: Туған жердің табиғатын аялаймыз.
Мақсаты: тақырып бойынша негізгі ойды анықтау, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдану.
Балалар әдеттегідей сабақты психологиялық ахуалдан бастап, бір-біріне жылы лебіздерімен бөліседі. “Топтық тергеу” әдісі бойынша өткен сабақты пысықтап, жаңа тақырыпты ашады. Кейін мәтінмен жұмыс, суретпен жұмыс, ертегі құрастырып, эссе жазып, саралау тапсырмасын орындайды. Өткізген: Рамазанова А.Е