«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кәсіби қызығушылықтар, бейімділіктер және қабілеттер»

Сынып туралы мәлімет
23.01.23 «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-де 9 Б және 11 Б сынып оқушылары үшін «Кәсіби қызығушылықтар, бейімділіктер және қабілеттер» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Психологиялық практикум түрінде өткен іс-шараны мектеп психологы Залюбовская Н.Н., 11 Б сыныбының сынып жетекшісі Залюбовский А.В. дайындап, өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: кәсіби қабілеттер мен бейімділік туралы түсініктерді қалыптастыру, өзін-өзі анықтауға көмектесу.Сынып сағатын дайындауға 11Б сыныбының оқушылары да қатысты, олардың үй тапсырмасы таңдаған мамандықтары: мұғалім, дәрігер, бағдарламашы, дизайнер, инженер, есепші, құтқарушы мысалында кәсіби бейімділіктері мен қабілеттері туралы презентация дайындау болды. Балаларға сөз сөйлеуге 3 минут уақыт берілді, осы уақыт ішінде олар таңдаған мамандығының ерекшеліктері мен осы мамандықты игеруге қажетті жеке қасиеттер туралы тыңдаушыларға айтып берді.
    Оқушылар топтық жұмысқа, «Жіктеу» ойынына және «жанды диалогқа» белсене қатысты, 9-сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларына сұрақтар қойды. Шара соңында қатысушылар өз есімдерін парақшаларға – егер олар мамандық туралы шешім қабылдамаған болса, гүлдерге – егер де күмәнданса – алмаға және мамандық таңдау туралы шешім қабылдаған болса – өз есімдерін қалдырды.

Жаңартылған күні: 25.01.2023 15:38
Құрылған күні: 25.01.2023 15:38

Текст