«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Спорттық-бұқаралық және оқу жұмысы бойынша 1 жартыжылдық жұмысының есебі

Новочеркас орта мектебінің  дене шынықтыру пәнінің  мұғалімі Хохлунов А. С-тің спорттық-бұқаралық және оқу жұмысы бойынша 1 жартыжылдық жұмысының есебі.

 2020-21 оқу жылының басынан бастап, мен өткізетін барлық сабақтар штаттық режимде өткізілді. Қараша айынан бастап короновирустың таралуына байланысты карантиндік шектеулердің күшеюіне байланысты барлық дене шынықтыру сабақтары қашықтық форматқа көшті. Дене шынықтыру сабақтарымен  2 «Б» сыныптан, 5 «Б», 6 «Б» , 8 «Б», 9  «Б», 10 «Б»  сыныпқа дейін барлығы 72 оқушы қамтылды.         Оқушылармен қашықтықтан жұмыс істеу үшін мен ватсапты қолданамын. Әр сабаққа, әр сыныпқа.  Сабақтың тақырыбы жіберіледі , оқушылардың негізгі әрекеттері және сабақтың тақырыбына байланысты видеобейнелер көрсетіледі. Көргеннен кейін кейбір балалар кері байланыс жібереді.Орындалған жаттығулардың фотосуреті немесе бейнесі жіберіліп отырады.

           6  «Б» сынып оқушылары үшін (12 адам) "Шахмат теориясы" үйірмесі өткізіледі. Оқу видеосы арқылы балалар осы ойынның ережелерімен танысады.    Сыныптан тыс өткізілетін барлық спорттық іс-шаралар қазір қашықтықтан немесе онлайн-режимде өтуде.   5 - 9 қазан аралығында дене шынықтыру және спорт апталығы өтті. Осы апта ішінде сыныптар бойынша сынып ішіндегі жарыстар өткізілді. 5 «Б»  сыныпта белтемірде тартылу  уақытша висада тұру, 6 «Б» сыныпта – секіртпемен секіру, 8 «Б»  сыныпта – орнынан ұзындыққа секіру, 9 «Б» сыныпта – ұлдарда белтемірге тартылу, қыздарда - еденнен денені көтеру, 10 «Б» сыныбында үстел теннисінен жарыс өткізілді. Осы сынып оқушылары арасында ең мықтылар марапатталды.

Күзгі демалыста 5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан "спорттық каникул" байқауы өтілді. Спорттық шараға 5 «Б»  және 8 «Б»  сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар арқанмен секіруден, отырудан, еденнен денені көтеруден жарысты.

ҚР Тәуелсіздік күніне орай, 8 «Б» сыныбында  дойбы бойынша онлайн жарыстар өткіздім. Ұлдар арасында орындарды келесі тәртіпте бөлінді: 1 орын - Нестерович Илья, 2 орын - Арсикеев Имран , 3 орын - Советов Алихан иеленді.  Ал, қыздар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:  1орын. – Яцук Юна,    2 орын – Зейбель Елена,    3 орын-Логвиненко Тамара.   Барлық жеңімпаз оқушылар мақтау қағаздарымен  марапатталды.

           2020 жылдың 21-24 желтоқсан аралығында біздің мектептің оқушылары Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында секіргішпен секіруден облыстық онлайн - турнирге қатысты. Әр түрлі секіру бойынша    4 – орынды Арсикеев Имран,  5 - орынды Мейірманова Гүлімхан, 7-орынды Плат Лидия, 6-орынды Яцук Лионард және 9-орынды Рейберт Маргарита иеленді .

          Келесі жартыжылдықта менің жұмысымның негізгі бағыттары оқушыларды өткізілетін жарыстарға тарту, балалардың денсаулығын нығайту және олардың дұрыс физикалық дамуына ықпал ету болады.

          

                                                                  

Жаңартылған күні: 09.02.2021 16:46
Құрылған күні: 09.02.2021 16:46

Текст