8 желтоқсан күні мектебімізде мұғалімдерге арналған кезекті семинар-тренинг өтті. Бұл семинардың мақсаты: мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлау әдістерінің бірі «Ойлайтын алты қалпақ» әдісімен таныстыру, сабақта «ойлау» қалпақтарымен жұмыс жасау жолдарын көрсету. Бұл семинарды тарих пәнінің мұғалімі Кенжесейітова Д.К, семинардың міндетін анықтай отырып: қатысушылардың осы мәселе бойынша білімдерін жаңарту және жалпылау, олардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ынталандыру, қарастырылатын тақырыпқа тұрақты қызығушылықты ояту, қатысушыларды сабақта белсенді жұмыс істеуге ынталандыру.Семинардың практикалық бөлімінің соңында қатысушылар сыни тұрғыдан ойлаудың «Алты қалпақ ойлау» әдісін қолдану оқу-тәрбие процесін тиімді құруға, оқушылардың ынтасын арттыруға, олардың ақыл-ой белсенділігін белсендіруге мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.