Ұйымдар тізімі
Астрахан ауданының негізгі мектептерін үйлестіру бойынша Жол картасы жоспарын іске асыру аясында «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ ұйымдастыруымен онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Ұзынкөл ауылының АОМ, Бұлақты ауылының АОМ, Приишимка ауылының БМ өкілдері қатысты. Қатысушылар білім сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.
Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы халықаралық және республикалық зерттеулер — PISA, PIRLS және ББЖМ аясында жұмыс жоспарын іске асыру болды. Оқушыларды осы зерттеулерге дайындау мәселелеріне, сондай-ақ қазіргі білім берудің маңызды бағыты болып табылатын функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытуға ерекше назар аударылды. Оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, табысты әлеуметтенуіне ықпал ететіні атап өтілді.
Баяндамалармен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Карпина О.Н. және директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Хамзина С.Ж. сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап, өзекті мәселелерді айқындап, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Іс-шараның практикалық бөлімінде оқушыларды зерттеулерге дайындау бойынша мастер - класс өткізілді. Өз тәжірибелерімен бастауыш сынып мұғалімдері Рамазанова Г.С. мен Медведева С.Я., қазақ тілі пәні мұғалімі Саутова Б.К., орыс тілі пәні мұғалімі Литовченко Л.Л. бөлісті. Мастер - класс барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер, соның ішінде мәтінмен жұмыс, қолданбалы сипаттағы тапсырмалар және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдары көрсетілді.
Дөңгелек үстелдің өткізілуі педагогтар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог орнатуға және аудан мектептерінде білім сапасын арттыруға бағытталған ортақ тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.





«Адал Азамат» тәрбие...