Апталық аясындағы ашық практикалық көрсетілім сабағы
«Әдістемелік күн» атты әр сәрсенбі күні өткізілетін әдістемелік отырыс жұмысының жоспары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казбекова Гульжан Жаксылыковна 9 «А»сынып оқушыларымен Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» хикаят тақырыбында ашық практикалық көрсетілім сабағын өткізді . Жұмыс барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары , қысқа мерзімді жоспардың жазылу үлгілері мен нәтижелігі негізге алынды. Сабақта оқушылар хикаятты еркін талдай отырып , шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға берді. Шығарманың басты кейіпкерлерін қазіргі заманғы жастармен салыстыра отырып ой бөлісті .ҚМЖныңқұрылымы мен сабақтағы функционалдық сауаттылық әрекеттері оқушының жұмыстары арқылы көрініс тапты.АКТ жұмысы арқылы оқушылар тапсырмаларды шапшаң орындап талқылап отырды. «Әдістемелік күн» атты әр сәрсенбіде өткізілетін әдістемелік семинар жұмысының жемісі болар :мектебімізде мұғалімдер өзара бірлесе ынтымақтастықта тәжірибе бөліседі , мәселелерді бірлесе шешеді, кез келген уақытта бір – біріне қол ұшын беріп көмектеседі .