Текст
3 наурызда "Новочеркасс ауылының ЖОББ" КММ 4 «Б» сыныбында «Бүтіннің бөлігін табу тапсырмалары» тақырыбында математикадан ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар QR кодтарымен белсенді жұмыс жасады: ойша санау, қосу, санау, бөлшектерді көбейту және бөлу, бөлшектерді салыстыру, бөлшекпен есептер шығару. Сабақта көрнекіліктер мен интерактивті әдістер қолданылды, бұл тақырыпты жақсы түсінуге ықпал етті.