31 шілде күні «Айгөлек» жазғы лагерінде күн рухани-адамгершілік құндылықтарға, шығармашылыққа және ауысым қорытындысына арналды. Таңертең балалар алаңында қызықты жылжымалы ойындармен басталды. Балалар таза ауада белсенді уақыт өткізіп, қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. «Музыкалық мұра» атты концерт ерекше әсер қалдырды. Балалар ұлттық аспаптармен танысып, халық әуендерін тыңдады, тіпті өздерін музыкант ретінде сынап көрді. «DiskoDance» би байқауы да өте жарқын әрі көңілді өтті. Әр топ ерекше креативпен, көркемдікпен және жақсы көңіл-күймен өнер көрсетті. Түстен кейін оқушылар «Қош бол, лагерь!» атты тақтаны әшекейлеп, өз естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, балалар лагерь туралы пікірлерін, ұсыныстарын білдіріп, келесі жылға деген тілектерін айтты.Бұл күн – «Айгөлек» лаге ріндегі жарқын, достық пен қуанышқа толы жаздың тамаша қорытындысы болды!