САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні: |
Саутова Б К |
||||||||||||
Пән/Сынып: |
әдебиет, 5а -сынып |
||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: |
ІІІ бөлім: Адамгершілік - асыл қасиет |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
А. Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Ахмет атаға хат |
||||||||||||
Оқу мақсаттары: |
5.2.4.1. Әдеби шығарманың жанрына сай сюжеттік дамуын сипаттау. |
||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат жазады |
||||||||||||
Бағалау критериі: |
|
||||||||||||
|
|||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі |
|
||||||||||||
Уақыты |
Кезеңдері |
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|||||||||
1 мин
5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі |
Сәлеметсіздер ме? 5-сыныптың әдебиет пәніне қош келдіңіздер! Сабағымыздың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Ахмет атаға хат Бүгінгі сабақта:А. Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалын оқып, шығармадан алған әсерлерімізді сипаттаймыз. Үй тапсырмасын сұрау «Сақина салмақ» әдісі 1.Ахмет Байтұрсынов кім? Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысының Торғай өңірінде дүниеге келгенАудармашы, ақын, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, публицист, педогог, қоғам қайраткері.
2.Ахмет Байтұрсыновтыңшығармаларының тақырыбы? А Байтұрсыновтың шығармаларының тақырыбы - еңбекқорлық, адамгершілік, мейірімділік ,қарапайымдылыққа байланысты.
3.Ахмет Байтұрсыновқандай орыс мысалшысының мысалын аударған? Ол орыс мысалшысы И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударған. 4.Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы өлеңдер жинағы. 1909 жылы Санкт Петербургте « Қырық мысал» атты аударма жинағы жарық көрді. 5. А Байұрсынов қандай еңбек атқарды? «Қазақ» газетінің редакторы болды,мұғалім болды. |
Психологиялық дайындық Күннен, жерден нәр алған
|
Видео-аудио суреттер, , , презентация, электронды құралдар, А Байтұрсынов, И.А. Крылов портреті , көрнекі құралдар т.б. |
|||||||||
7 мин
5 мин
5 мин |
Жаңа сабақ |
А.Байтұрсынұлы ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын көп оқыған Орыс ақыны И.А.Крыловтың мысалдарын Абайдан соң А.Байтұрсынұлы да аударып, «Қырық мысал» деген атпен1909 жылы Петербургте кітап етіп шығарған. . Мысалдар аңдар, құстар , хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де ,қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.
Білу және түсіну
CD11 «Егінніңбастары» Ал, балалар, аудиожазбадан не тыңдадыңдар?
«Тізбектеп оқу» әдісі Егіннің бастары Бір адам жас баласын жанына алды, Аралап әрегінді қарап жүрді, Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке, «Айтайын мұның мәнін, балам, саған, Және де әкесі айтты баласына:
Түсіндірмесөздік Тағзым ету-қызмет көрсету. Қайран калу-таңғалу. Шекірейіп қарау-менсінбеу. Төмен бүгілу-еңкею. Сорайған қарасына-бойына. Тәкаппар-өркөкірек. Тұтынба-еліктеме. Балау-теңкөру,бірдейсанау. Сайран етіп-қыдырып. Көкке қарап-жоғары,төбеге қарап. Теңгермейді-менсінбеу. Талдау
Сұрақтар - Ықтимал жауаптар: 1-сұрақ: Өлеңде кімдер туралы айтылады? Әкесі, баласы, бидайлар 2-сұрақ: Бала әкесіне қандай сұрақ қойды? Бұл бидай неге басқалардан ерекше басын көкке көтеріп тұр? 3-сұрақ: Әкесі қандай жауап берді? Бұл бидайдың дәні болмай, кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр. 4-сұрақ: Саған қандай бидай ұнады? Неге? Маған дәнін қожасына беріп, иіліп тұрған бидайлар ұнайды, себебі ол тәкаппар емес.
1 тапсырма Шығарманың композициялық құрылысы 1. Шығарманың басталуы 1-сұрақ. Баласы мен әкесі қайда барды? 2.Шығарманың байланысы 2-сұрақ: Бидайлар қандай боп тұр, бала неге таңданды? 3. Шығарманың шиеленісуі 3-сұрақ: Бала әкесінен не туралы сұрады? 4. Шығарманың шарықтау шегі 4-сұрақ: Әкесі дәнсіз бидайдың мәнін қалай түсіндірді? 5. Шығарманың шешімі 5. Әкесі балсына қандай ақыл айтты?
Ықтимал жауаптар: Оқиғаның басталуы: Баласы мен әкесінің егіннің басына келуі Оқиғаның дамуы: Бастары дәнге толған бидайлар Оқиғаның шиеленісуі: Көкке қараған бидай Оқиғаның шарықтау шегі: Баласының сұрағы Оқиғаның шешімі: Әкесінің жауабы Дескриптор: Сюжеттік дамуға сәйкес оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін баяндайды; |
|
|
|||||||||
2 мин
|
Тапсырмалар |
2-тапсырма. Сурет пен үзіндіні сәйкестендір.
Дескриптор:
|
|
|
|||||||||
5 мин |
Тәжірибе |
Төмендеғі сөздерді сәйкестендіріп,антонимін табыңдар
Кейіпкерлерді сәйкестендір Әке Ақылшы Бала Тәкаппар Бидай Ерке, ақылды
3 тапсырма
«Хат жазу» әдісі «Егіннің бастары» мысалынан алған әсерімен бөлісу мақсатында Ахмет атаға /авторға/ хат жазыңыз;
Дескриптор:
Хат жазудың үлгісі: 1. Кімге жазылғанына байланысты амандасу (сәлем, сәлеметсіз бе?) 2. Жазу барысында:
Өзіңді тексер Ахмет атаға хат Сәлеметсіз бе, Ахмет ата! Мен 5-сыныпта оқимын. Біз әдебиет сабағынан сіздің «Егіннің бастары» шығармаңызбен таныстық. Маған сіздің шығармаңыз қатты ұнады. Әке мен баланың арасындағы сыйластық, әкенің баласына бидай арқылы айтқан өнегесі мен қатты ойландырды. Нағыз білімді адам әрдайым кішіпейіл, қамқор келетіні, керісінше, надан адамның тәкаппар келетіні мен үшін өмірлік сабақ болды деп есептеймін. Сіздің бізге, болашақ ұрпаққа, қалдырған осындай құнды туындыңыз үшін рақмет! Ізгі ниетпен: /оқушы жауабы ескеріледі/
|
|
|
|||||||||
3 мин
2 мин |
Бекіту |
Қорытынды : «Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қортындылау. Дескриптор: - Берілген тақырып бойынша өз пікірін айтады; - Мәтіннен дәлелдеме келтіреді; - Мысал келтіреді; - Қорытынды.
«Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы». «Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы» - дегендей әрдайым жаман мінездерден аулақ болып, жақсы қасиетке құштар болайық.
Бағалау: мадақтау сөздер арқылы (Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Орташа!) |
|
|
|||||||||
|
|
Үйге тапсырма: Өздеріңе ұнаған үзіндіні жаттаңдар. |
|
|