«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған іс-шара

А Байтұрсыновтың  150 жылдығына  арналған  іс  шара. Іс-шараның мақсаты:  А Байтұрсыновтың өмірбаяны, шығармашылығы, ғылыми еңбектері  туралы мағлұмат  беру, оқушылардың  іздемпаздық  қабілеттерін дамыту.

Тақырыбы: «Қазақтың дара тұлғасы»

Мақсаты:

Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.
Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, пікірталас, ой қозғау.

Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, видеоролик, презентация.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілгелі отырған тәрбие сағатымызда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталатын боламыз.

Сабақтың басы

Ахмет Байтұрсынұлының 5 арыстың құрамына кіретінін білеміз ия, балалар?! Ендеше 5 арысқа кіретін ұлт зиялыларын атап шығайықшы:

Ахмет Байтұрсынұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Міржақып Дулатов

Жүсіпбек Аймауытов

Мағжан Жұмабаев

Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өтсек.

Слайдқа назар аударып, онда көрсетілген тірек сөздерге сүйене отырып әңгімелеу үшін                                                                                                                                                   түрлі тақырып берілген:

Өмірбаяны
Қызмет жолы
Шығармашылығы

1. «Сәлем – сөздің атасы» әр топ өздерін таныстыруы

2. «Білгенге маржан» Әр топқа Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянынан  тірек сөздер беріледі.Соған қарап сөйлемді толықтырады.

1 тақырып бойынша 1 топқа берілген тірек сөздер:

1872 жылы 5 қыркүйек;
Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы;
Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі;
Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебі;
1937 жылы 8 желтоқсан;
Қуғын-сүргінге ілігу;
Ату жазасына кесілу.

2 тақырып бойынша 2 топқа берілетін сөздер:

1895-1909 ж.ж.,Қарқаралы, орыс-қазақ мектебі,оқытушы.
1921–1925 жылы Орынборда, 1926–1928 жылы Ташкенттегі, Халық ағарту институттарында, қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімдік қызметі.
1913–1918 жылы, қазақ зиялыларымен бірігіп, «Қазақ» газеті.
Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі.

Сабақтың ортасы
Сәйкесін тап
А.Байтұрсынұлының туған жері                                         Торғай облысы
А.Байтұрсынұлының оқыған жері                                                                                           Орынборда
А.Байтұрсынұлының әкесі жер
аударылған.                                                                               Сібірде
Мұғалім болып қызмет атқарады                                           Қарқаралыда

 

3. «Ізденіс»  Ахмет Байтұрсынов еңбектері бойынша постер қорғау.

Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру» өлеңі:

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.

Қорытынды

Осымен балалар, тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Сабағымызды Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтасақ. Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақтан алған әсерлерімізді стикерлерге жазып, білім ағашына апарып ілеміз.

Жаңартылған күні: 02.02.2022 16:08
Құрылған күні: 02.02.2022 16:08

Текст