Текст
Бүгін 8-10 сыныптар арасында «Адам – дәуір, Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың белсенді азаматтық және адамгершілік позициясын қалыптастыру. Балалар Дінмұхамед Ахмедұлының өмірі мен қызметі, оның Қазақстан Республикасындағы қоғам және саяси қайраткер ретіндегі қызметі туралы білді. Қонаевтың республиканың аумақтық шекарасын сақтау үшін қандай іс-әрекеттер жасағаны туралы «Медеу» спорт кешенінің құрылысы» бейнеролигін тамашалады.Сынып сағатынымыздың соңында оқушылар Қонаевтың рөлі туралы өз пікірлерін білдіріп, ел тарихы, сондай-ақ оның қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, табандылық, еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттері туралы айтты.