«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қызықты қазына»

22.08 2025 ж «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы лагерьде тілдік- туристік өлкетану бағытта «Жануарларға қарау кезіндегі сақтық. Қызықты қазына» тақырыбында іс-шара өткізілді. Күн әдеттегідей таза ауада таңғы жаттығудан басталды. Одан кейін балаларға жануарлар әлемі жайлы түсінік беріліп, жануарларды қорғау мен күту кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Әсіресе үй жануарларына және жабайы табиғаттағы жануарларға қарағандағы сақтық шараларына ерекше назар аударылды. Балалар топтарға бөлініп, «Қызықты қазына» атты ойынды ойнады. Ойын барысында әр топ жасырынған тапсырмаларды тауып, сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешті. Бұл олардың жануарлар туралы білімдерін арттырып қана қоймай, ізденімпаздық пен топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.


Текст