Пәндер апталығының мақсаты: мектеп оқушыларының математика, информатика, физика пәндерін оқуға қызығушылығын арттыру, олардың бойында жағымды әсер ояту, өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, оқушылардың ой- өрісін, қосымша біліммен толықтыру, өз бетінше жұмыс атқаруға тәрбиелеу, мақсатқа жету үшін ерік- жігер, табандылық, ұжым алдында өз жұмысына жауапкершілікті түсіну.
Міндеттері:
1.Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру.
2.Танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойлау ұшқырлығы мен байқағыштығын дамыту.
3.Ұжымдық қарым- қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Пән апталығының ұраны:
Айлалы адамдар білімді менсінбейді, қарапайым адамдар оған таңданады, дана адамдар оны пайдаланады.
Жоспары бойынша іс – шаралар өтті:
Математика, информатика және физика апталығының ашылуы: стенд рәсімдеу мен мектеп кітапханасында математика апталығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылуынан басталды. Және осы күні интеллектуалдық ойын: «Логика бар ма?» 10 «Б» - 11 сыныптар арасында, Залюбовский А.В. өткізді. Ойын бес кезеңнен және әр кезең бес сұрақтан тұрды. Жарысты екі топ, бір- біріне достық танытып бастады. Оқушылар өз білімдерін көрсетті, ең бастысы математикаға қызығушылықтары артты.
Екінші күні 8» А», 9 «А», 10 «А» сыныптарымен «Суретті математика» викторинасымен апталықты Макарина Г.А. жалғастырды. Оқушылар үш топқа бөлінді. Тапсырмалар әртүрлі болды: әр қатарда қосындысы бірдей болатындай, сандарын жазу, саның табу, кестені толтыру. Әр түсті сірінкеден есеп жазып, қатесін табу. Балаларға жарыс ұнады.
Үшінші күні Абишева С.Р., математикадан сыныптан тыс іс-шара: «Жұлдызды сәт» 5 «А», 6 «А» сыныптарға өткізді. Ойын бес кезеңнен құрастырылды, оқушылар тез және қызығушылықпен тапсырмаларды орындады: жұмбақ шешті, мақалдарды жалғастырды, кестені санмен толтырды, «Домино» кезеңінде есептерді ауызша сәйкестірді. Және Абишева С.Р. 7 «А» сынып оқушыларына «Үйкеліс күшсіз өмір» тақырыбына эссе жазғызды. Оқушылар бұл тақырыпты ұнатып, қызықты эссе жазып келді. Өз оқиғаларын үйкелес күшсіз елестетіп жазды.
Төртінші күні Ильдебаева Е.Р., 6 «А» және 7 «А» сыныптарына «Қызықты информатика» квест - ойынын өткізді. Ойынның алдында оқушылар, тоғыз адамнан, екі топқа бөлінді. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын, ұжымдық, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру, командада жұмыс істей білу, балалардың есте сақтау қабілеттерін, ерекше жағдайларда іске асыру жылдамдығын дамыту. Тәрбие міндеті: әртүрлі тапсырмалардың көмегімен балаларды оқу- танымдық, белсенділікті дамытуға ынталандыру және информатика мен басқа пәндер арасында пәнаралық байланыс орнату.
Осы күні Филиппова Т.Л., 8 «Б» сыныпда «Қызықты математика» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Оқушылар өз эмблемаларын сызып, ұрандарын айтып жарысты бастады. Тапсырмалар қызықты және құмсағатпен уақытқа орындалды. Ауызша тез санау үшін «1 – 40 дейін» деген тапсырма болды. Сурет арқылы өз сұрақтарды басқа топқа құрастыру тапсырма білімдерін дамытуға өткізілді. Үй тапсырмасында оқушылар мақал айтып жарысты. Балалар тапсырмаларды орындай алды.
Бесінші күні Карпина О.Н. 9 «Б» сыныбында физикадан «Әлсіз буын» сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ойынға іріктеу кезеңінде іріктеліп алынған сегіз ойыншы қатысты. Ойынның мақсаты: оқушылардың білімін, тапқырлығын тексеру. Тәрбиелік міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, физикаға қызығушылығын дамыту, басқа ойыншыларға құрметпен қарауға үйрету, таңдауы бойынша дұрыс пікір айту.
Осы күні апталықты аяқтайтын, Тикан Ю.В 6 «Б» және 7 «Б» сыныптарында «Информатика- жұмбақ әлемі» сыныптан тыс іс-шара өткізді. «Мегабайт» және «Килобайт» топтар жарысты. «Анаграмма», «балықты аулау», «Ребус» тапсырмалары оқушыларға өте ұнады. Мұғалімнің оқылған ертегісінен, қатесіз керек сөздерді тауып айтып берді.
Қорытындысы шығарылды. Марапаттау өтті.