Біздің мектепте "Білім беру жүйесіндегі цифрлық платформалар"тақырыбында тұрақты жұмыс істейтін семинар өтті. Информатика пәнінің мұғалімі А. Е. Рамазанова Top.IQ.kz электронды оқулықтар платформасы, жүйеде жұмыс істеу және тіркелу туралы ақпарат берді. Бастауыш сынып мұғалімдері: Е. В. Матейкович және С. Я. Медведева "Сабақты өткізудің интерактивті әдістері"тақырыбында курстан кейінгі есеп берді. Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары С. Ж. Хамзина Mozaik платформасының тиімділігін көрсетіп, осы платформаны сабақта қолдануға үйретті. Математика пәні мұғалімі Залюбовский АВ оқушыларды ОЖСБ, PISA -ға дайындау үшін, функционалдық сауаттылыққа байланысты есептер шығару туралы мастер - класс өткізді. Тұрақты жұмыс істейтін семинар барлық мұғалімдер үшін пайдалы болды.