Текст
20.04.2020 күні мектепалды даярлық сыныбында Рамазанова А.Е мүсіндеу сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы "Қалықтап ұшқан бүркіт". Мақсаты: Балаларға ермексазды пайдаланып, құстардың бірнеше бөліктен мүсіндей білуге үйрету;Олардың дене бөліктерін дұрыс орналастыру, дамыту, ой – өрісін, ойлау қабілетін, қол икемдерін дамыту;Балаларды шығармашылыққа, ұқыптылыққа, құстарды қорғауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Балалар бүркіттің қандай құс екендігін білді, оны сипаттап, сұрақтарға жауап беріп, суреттеп және бейнелеп көрсетті. сосын шығармашылық жұмысына кірісіп бүркітті ермексазбен жасады. балалардың барлығы Watsapp платформасымен онлайн түрінде жүйеде болды. Сабақ өте қызық өтті.