Ұйымдар тізімі
Бүгін 7 А және 6 А сыныптарында МИФ апталығы аясында информатика пәнінен Қызықты информатика атты квест ойыны өтті. Квест ойынында жеребе тастау арқылы оқушылар 2 топқа бөлініп 9 ойыншы болып қатысты. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын, ұжымдық шығармашылық белсенділікті қалыптастыру; оқушылардың командада жұмыс істей білуі; балалардың есте сақтау қабілетін, зейін, өзара іс-қимылы мен шығармашылық қабілеттерін, ерекше жағдайларда іске асыру жылдамдығын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: оқушылардың командада жұмыс істей білуі; әртүрлі тапсырмалардың көмегімен балаларды оқу-танымдық белсенділікті дамытуға ынталандыру және информатика мен басқа пәндер (тарих, еңбек, дене шынықтыру және т.б.) арасында пәнаралық байланыс орнату.
Ойын соңында оқушылар діттеген мақсаттарына жетіп, барлық жұмбақтарды шешіп шықты



IQanat Олимпиадасының I кезеңі.