Білім беру мекемесінің педагогикалық құрамының маңызды міндеттерінің бірі - өрттің алдын алу болып табылады. Бірақ егер өрт туындаса, басты іс-шара - адамдарды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау болып табылады. Адамдардың өмірі эвакуация кезінде қызметкерлердің дайындығы мен олардың іс-әрекеттерінің дәлдігіне байланысты.
Балаларға неліктен кенеттен берілген сигнал бойынша партадан тұру керек екенін және мұғалімнің нұсқауларын сөзсіз орындап, ғимараттан шығуға ұйымдасқан түрде көшу керектігін түсіндіру қиын болуы мүмкін. Бірақ егер сіздің балаңыз оқытудың не үшін жүргізіліп жатқанын түсінбесе, онда ол нақты қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ете алмайды.
Оқу эвакуациясы - бұл мектептегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар жүйесіндегі өте маңызды, жауапты және күрделі іс-шаралардың бірі. Осыған байланысты біздің мектепте оқу-жаттығу эвакуациясы жүргізілді. Мектеп директоры бастаған оқушылар мен мектеп қызметкерлері мектеп ғимаратынан эвакуациялау бойынша барлық нұсқауларды нақты орындады. Соңында талдау жүргізілді.