"Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ -қазақ емес,
Нағыз қазақ-Домбыра!"
Қ.Мырза Әлі
"Қолына домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықтың жылыуы дарып,қатыгездіктен аулақ болады",-деген нақыл сөзде үлкен шындық жатыр.Өйткені домбыра-үлкен рухани,адамгершілік мектебі,баға жетпес эстетикалық өмір оқулығы.Осы қайталанбас мұрамызды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында оқу жылының ішінде домбыра үйірмесінің оқушылары күйлерді меңгеріп,түрлі байқауларға қатысады.
Домбыра үйірмесінің қатысушысы Елемес Анеля қыркүйек айында өткен Республикалық "Gold autumn" онлайн-конкурсқа қатысып Гран-при иегері атанды.Конкурсқа күй атасы Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік"күйін орындады.быра үйірмесінің қатысушысы Елемес Анеля қыркүйек айында өткен Республикалық "Gold autumn" онлайн-конкурсқа қатысып Гран-при иегері атанды.Конкурсқа күй атасы Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік"күйін орындады.