Текст
Ұйымдар тізімі
«Намыс» аудандық спартакиадасы аясында әскерилендірілген кросс бойынша жарыс өтті. Тартысты сайыста ауданның *12 мектебінен* келген командалар бақ сынасты.
Жоғары дайындық, шыдамдылық пен ауызбіршіліктің арқасында барлық сындардың қорытындысы бойынша *біздің мектеп жалпыкомандалық 1-орынды иеленді!*
Командамыздың ерекше мақтанышы — жекелей сындағы жетістіктер! Жеке есепте оза шауып, үздік нәтиже көрсеткен *Журавлёв Александр* лайықты *1-орынмен* марапатталды!
Барлық қатысушыларды, жеңімпаздарды және жетекшіні Алибаев А.А осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз! Осымен тоқтап қалмай, жаңа биіктерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!


