Текст
Ұйымдар тізімі
Аутизм туралы ақпараттандыру айлығы аясында «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-нің 5-сынып оқушыларымен «Аутизмі бар балалар – олар кімдер?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар аутизм ұғымымен танысып, аутистік спектр бұзылыстары бар балалардың қабылдау, қарым-қатынас және мінез-құлық ерекшеліктері туралы білді. Сонымен қатар оқушылар «Аутизм деген не?» және «Анатолий Кастрюли» атты бейнероликтерді тамашалады.
Іс-шара соңында оқушылар әрбір адамды оның ерекшеліктеріне қарамастан қабылдау, қолдау көрсету және мейірімді қарым-қатынастың маңыздылығы туралы қорытындыға келді.



2026 жылғы 30 наурызда жас...