Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру. Математика қызығушылықты ояту, логикалық интеллектуалды ойды қалыптастыру, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.
8 «А» - 9 «А» сыныптары 2 командаға жеребе арқылы бөлініп, екі команда бөлек отырды.
І кезең –«Жасырын сөзді» табу болды.Әр командаға ойын парақшасы таратылып, ең көп сөз тапқан команда жеңімпаз атанды.
ІІ кезең – «Сіріңкені жылжыту»- ойыны. Логикалық есеп беріліп, команда мүшелері бірігіп, оны дұрыс математикалық теңдікке келтіру керек болатын . Екі команда бірлесіп ойнап, шешуін тапты. Жеңген командаға тиісті ұпайы берілді.
І І І кезең - «Мен кіммін» - ойыны. Әр бір командадан бір оқушы шығып карточка алып оны барлығына көрсетеді. Әр команда мүшелері оларға сұрақтар қоя отырып, оның кім немесе не екенін анықтайды. Кім екенін білген оқушы орнына отырып, білмеген оқушы, жеңілгенін айтып, келесі оқушы шығады. Команда мүшелеріне 5 карточка беріледі. Ең көп сөз тапқан команда жеңімпаз болып есептеледі.
Ойын соңында әділқазы мүшелері өз қорытындысын шығарып, Екінші команда жеңіске жетті.