«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп және отбасының бірлескен күш-жігерінің мақсаты- баланың денсаулығы»

         «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан салауаттық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын денсаулығы мықты азамат өсіре аламыз» (Н.Ә. Назарбаев)

          Қазіргі таңда балалар денсаулығын сақтау мен оларға салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту проблемалары барған сайын өзекті бола түсуде. Балалар денсаулығы – бұл біздің болашағымызға салынған саясат. Сондықтан, бүгінгі күні мектептің педагогика ұжымы мен ата-аналар жұртышылығының алдында тұрған ең басты міндет–дені сау ұрпақ тәрбиелеу . Балалардың денсаулығы – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. Оқушылардың  өміріндегі көп мезгілдерінің бірін өткізетін, орта ол– мектеп. Оқушының бойында ағзаның өсуі мен дамуы, биологиялық және әлеуметтік жетілуі байқалып, өмірге деген көзқарасы, шығармашылық және жемісті іс – әрекеттіліктерге дайындығы қалыптасады. Ендеше салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру, бүтіндей педагогикалық процессте жүзеге асады деуге болады. Алайда, ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше, хх ғасырдың аяғында, xxI ғасырдың басында мектеп оқушыларының денсаулықтары күрт төмендегені байқалған. Соңғы статистикалық мәліметтер мектепте оқыған кезеңде оқушылар денсаулығы жағдайының 4-5 есе нашарлайтынын дәлелдейді. Жабырқатар деректер оқушының нақ осы мектепте қандай да бір ауру табатынын растайды. Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, оқушылардың арасында 40% салауатты өмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп саналып отыр. Демек, мектептерге қазіргі кезде оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеу қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады.

        Мұндағы салауатты өмір салты  дегеніміз – бұл, ең бірінші, адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған адамның белсенді әрекеті. Салауатты өмір салты аурудың алдын алу және денсаулықты нығайтудың негізі болып табылады.

        Бізге денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Тағамдардан сүт, көкөніс, жеміс, балық тамақтарын пайдаланған дұрыс. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге уақыт болмаса, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

        Денсаулық сақтаудың ең маңыздысы – ол тазалық. «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпайды. Әр адам жеке бас тазалығын сақтаса ол денсаулықтың кепілі болмақ. Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.

        Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және ол микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.

       Сонымен қатар, денсаулықты сақтауға  күн тәртібі де кіреді.  Күн тәртібі – бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу: тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру. Сондықтан үйде ата-аналар балаларға күн тәртібін сақтауға үйрету керек.

      Нақыл сөз: Егер денің сау болса, онда оны сақтау керек, ал егер сау болмаса, онда денеңді сауықтыру керек…  (Әл-Фараби)

        Қорытынды: Қазіргі таңда  денсаулық мәселесі маңызды проблемалар қатарында. Біздің өмір сүріп жатқан уақытымызда денсаулықтың жоғары деңгейде болуына жағдайлар азайып барады. Меніңше, бұл мәселені шешу үшін әрбір азамат өзінен бастау керек деп ойлаймын. Өйткені, өз болашағын ойлайтын адам, денсаулығын бірінші орынға қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 12.02.2021 20:09
Құрылған күні: 12.02.2021 20:09

Текст