Ұйымдар тізімі
Мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысының 04.06 күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналды.
Іс-шара барысында балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызымен танысты. Оқушылардың патриоттық сезімін, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін және Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге бағытталған танымдық әңгімелер мен викториналар өткізілді.
Сонымен қатар, лагерь тәрбиеленушілері үшін ФАП-қа экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысып, денсаулықты сақтаудың және жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы туралы білді.
Күн табиғат аясындағы көңілді пикникпен аяқталды. Балалар таза ауада уақыттарын қызықты өткізіп, қимылды ойындар ойнап, бір-бірімен еркін араласып, жазғы демалыстың қызығын көрді.
Күн қызықты әрі танымдық түрде өтіп, балаларға көптеген жағымды әсер сыйлады.




Мектеп жанындағы лагерьдің 2...