14 тамызда «Балақайлар мектебінде» 5 сабақ өтті. Сауат ашу сабағында дауысты дыбыстарды анық айта білу дағдыларын бекіттік, сөздегі дауысты дыбысты анықтауды үйрендік, «Сиқырлы дорба», «Дауысты дыбыстар» ойындарын ойнадық. Математика сабағында әртүрлі сипаттамаларға негізделген презентация арқылы объектілер салыстырылды: түсі, пішіні, өлшемі. Топпен жұмыс жасадық, ненің артық екенін, заттардың қалай ерекшеленетінін, ұқсастығын таптық, 4 санын жазуды үйрендік. Қоршаған ортамен танысу сабағында балалар мамандықтармен танысты, мамандықтар туралы әңгімелестік. «Дәрігердің қабылдауында», «Кафеде», «Суретші» және т.б рөлдік ойындар ойнады. Әдебиет сабағында біз «Түлкінің туған күні» ертегісін тыңдадық.Сөйлеуді дамыту сабағында «Құсқа көмектес», «Петя дүкенге қалай барды» суреттері бойынша әңгіме құрастыруды үйренді, жол ережесін қайталады. Үзіліс кезінде біз «Ортаға түспек» және «Ақсерек,көксерек» ойындарын ойнадық.