«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жерім – Қазақстан

Мақсаты:
 оқушылардың өз ұлтына, өз еліне,
  өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту;
- ана тіліміздің қадір-қасиетін дамыту;
ана тілін құрметтеуге, топ алдында еркін 
  сөйлеуге баулу;
- халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу;
- озық ойлы оқушыны анықтау;

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Дискриптор:  Мақалды жалғастырады

                         Сұрақтарға жауап береді.

                         Өлең айтады.

                         Салт дәстүрлерге тоқталады.

                         Сөздерді құрайды.

Әнұран  орындалады.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша ұлатармын.

Тып-тыныштұрыпжатқанжайымыз бар,

Бәрімізбаласындайбіратаның.

Еліміздебақ-береке, ырысболсын,

Қызылтілімқанжардайқылышболсын.

Халқымныңахуалыдұрысболсын.

Елімізәрқашандатынышболсын.

Сайыстың барысы:
    1.Таныстыру
2. “Мақал сөздің мәйегі”
 3.  «Жедел жауап»
 4. «Салт-дәстүрімізді құрметтейік!»
 5. «Отан туралы өлең»
6.       Сөзқұрау.

7. Жеке жұмыс

8. Топтарын қорғау.

1.Таныстыру

Бәйтерек тобы:

Ұраны;

Бәйтеректей биікпіз

Отбасына берікпіз

Шынығып мықты боламыз

Жақсы өмір сүреміз

Ақорда тобы:

Ұраны:

Орда тобы алға

Биіктерге самға

Бірлігіміз бар да

Жүреміз тек алда

2. Мақалды жалғастыр

1.Отан  _________________ ыстық.

2.Туған жердей жер болмас,

     Туған елдей  ___________.

3.Туған жердің кұні де ыстық, _____________.

4.Басқа жердің отынан  _____________  түтіні артық.

5. Отансыз адам  ___________________.

6. Отан қуат - ___________шуақ.

1.Отан  оттан да ыстық.

2.Туған жердей жер болмас,

     Туған елдей  ел болмас.

3.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық.

4.Басқа жердің отынан, туған  жердің түтіні артық.

5.Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

6.Отан  қуат – отбасы шуақ.

3. Жедел жауап.

«Бәйтерек» тобына сұрақтар

Қазақстанның рәміздерін ата.Ту, елтаңба, әнұран

 Қазақстан Республикасының президенті кім? Қасымжомарт Тоқаеев

16 желтоқсан  қандай мереке? Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл?  Қазақ тілі

Тұңғыш президент күні  қашан  тойланады? 1 желтоқсан

Валюта күні қашан? 15 қараша 1993 жыл

30 тамыз қандай  мереке? Конституция күні

Еліміз тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991 жыл 16 желтоқсан

«АҚОРДА» тобына
сұрақтар

Елордамыз қалай аталады? Нұрсұлтан

Еліміздің елбасы кім?    Н. Назарбаев

Тәуелсіздік күні қашан?16 желтоқсан.

Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Қазақ халқы Жаңа жылды қашан тойлайды? 22 наурыз

Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толды?  30 жыл

Әнұранның авторларын атап беріңіздер. НазарбаевН,ж Нәжмиденов

Бала  мектепке  барғанда  жасалатын  той. Тілашар

4. «Салт-дәстүрімізді құрметтейік!»

“Бәйтерек” тобына

Тұсау кесу

Тұсаукесер – сәби қаз  тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен  жасалатын  ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп

аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап , оны жұріс тұрысы ширақ әйелге қидырады.

Қаз қаз балам , қаз балам

Қадам бассаң мәәз болам

Қаз қаз балам , қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесеййін

“Ақорда” тобына:

                      Бесікке салу.

Нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі.  Бесікке саларға шақырылған ауыл үйдің әйелдері шашуын алып келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі  ұрпақ өсіретін әйелге тапсырылады.

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем

Жылыма, бөпем, жылама

Жілік шағып берейін

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін

5.Отан  туралы өлең кім біледі?

Максим:

Отаным менің  Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер, жаса Қазақстан!

Малика:

 Отан  деген атамекен

 Отан  деген туған жер

 Отан- ана,Отан үлкен

 Қазақстан – туған ел!

Нұржан:

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қорғайды

 Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап қорғайды!

Милана:

Отанды жас, кәрімізді

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәрімізде

Туып өмір сүреміз

6. Сөзқұрау.

«Қазақстан» сөзініңәріптерінқолдануарқылыбірнешесөзжазу. (Әрсөз 1 ұпай)

Қаз, қазақ, тас, ана, наз, қас, қат, қан, ақ, сақ, саз, тақ, қант, ант.

7. Жеке жұмыс

Әр балаға жеке сұрақ

8. Топтарын қорғау . 

"Еліңнің ұлы болсаң,

еліңе жаның ашыса,

азаматтық намысың болса,

қазақтың ұлттық

жалғыз мемлекетінің

нығайып-көркеюі жолында

жан теріңді  сығып

жүріп еңбек ет.

Жердің де, елдің иесі өзің

екеніңді ұмытпа!

«Если вы сын  - своей страны, если вы патриот своей Родины, трудитесь для процветания казахского национального государства. Не забывайте, что вы являетесь владельцем земли и страны!» 

                                                    Елбасымыз Н Ә Назарбаев

 

Туған жер әні орындалады

Бағалау:      Оқушылар  әр топты бағалайды.

Қорытынды:

Желбіресін байрағың желді күнде

Биіктесін мәртебең елдігің де.

Таныта бер,ұлы Тіл,бар әлемге

Керегеңнің кеңдігін де,теңдігін де!

Сәулесі бар нұрында таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың.

Даңқың артсын,егеменді елім менің

Серігіне айналшы Мәңгіліктің!

Балалар бүгін біз сендермен Туған жерім - Қазақстан туралы көптеген мәліметтер алдық. Републикамыз қандай ел екен.? Туғанжер, ел туралы көптеген мақал – мәтелдер білдік.

Бүгінгі  сайысымыз өз мәресіне жетті.Әділқазыларға сөз кезегі  беріледі. Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.12.2021 11:58
Құрылған күні: 14.12.2021 12:03

Текст