Текст
23 тамызда "Балақайлар мектебінде" 4 сабақ болды. Сөйлеуді дамыту сабағында балалар монолог құруды және диалогті бастауды үйренуді жалғастырды. Сауат ашу сабағында әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, алдымен үлгі бойынша және кейін өз бетінше жазды. Қоршаған ортамен танысу сабағында туған өлкенің көрнекі жерлері мен тарихи орындары туралы білімдерін қалыптастырды. Сурет салу сабағында "Жазғы пейзаж" суретін саусақтармен бояды.