Текст
Бүгін, 4А сыныбында жылдық жоспарға сай Lesson Study сабағының алғашқысын әдебиеттік оқу пәнінен "Мамандық туралы ойым" тақырыбында Мусина К. Е. өткізді. Сабаққа топ мүшелері: Казбекова Г.Ж., Тайшыбаева Т.А., Жунусова Г.К., Байбусинова Ж.Е. келіп, таңдалған оқушыларды бақылады. Сабақта ынтымақтастық атмосферасын "Комплименттер бұрқасыны" атты әдіспен құрды. Тақырыпты карточкадағы әріптермен ашты. Мамандықтарды "Аквариум" әдісімен сипаттады. Мәтінді оқудың "Зерттеп оқу" түрімен талдады. Сергіту сәтінде әртүрлі мамандық иелерінің қимылдарын жасады. Қорытынды кезінде телефон, интербелсенді тақтамен "Жұбын тап"," Froggy jumps" ойындарын ойнады. Кері байланысты "Білім шамы" әдісімен берді. Сабаққа барлық бала белсенді қатысты.