Текст
17 қараша күні, 3 «А» сынып оқушыларымен математика пәнінен «Санның квадраты және кубы» деген тақырыпта бастауыш сынып мұғалімі Мусина К.Е. сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазып, есептеуге үйрету. Бұл мақсатқа жету үшін, мұғалім сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін, әртүрлі интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Кері байланыс «+ - қызықты» әдісі арқылы жүргізілді. Сабақ соңында балалар бағалау парақшасы арқылы өздерін бағалап, әділ бағаларын алды.