25 шілде күні «Айгөлек» мектеп жанындағы лагерінде патриотизм мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналған күн ретінде өтті. Таңертең балаларды сергектік пен жақсы көңіл-күйге бөлеген жаттығудан басталды. «Ерлік эстафетасы» жобасы аясында оқушылар қазақ батырларының ерліктерімен танысып, шағын таныстырылымдар мен әңгімелер дайындады. Бұл шара балалардың Отанға деген мақтаныш сезімін арттырды. Күннің жалғасы – «Мәдениет мұра» атты халықтар достығы фестивалі болды. Балалар түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін, шығармашылық нөмірлерін көрсетіп, Қазақстандағы халықтар достығы мен мәдени әралуандылық туралы айтты. Күн таза ауадағы белсенді ойындармен аяқталды. Балалар арасында достық, көтеріңкі көңіл-күй орнады. Бұл күн балалардың бойында патриоттық сезімді, төзімділік пен мәдениетке құрметті дамытуға үлкен үлес қосты.