«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Экология күні

05.06 – Экология күні

05 маусым күні мектеп жанындағы лагерьде «Экология күні» ұйымдастырылды.

Күн таңғы сергіту жаттығуларымен басталып, балалар көтеріңкі көңіл күймен экологиялық іс-шараларға қатысты.

Күннің басты мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында балалар табиғатты қорғау туралы әңгімелесіп, танымдық ойындар мен викториналарға қатысты. Сонымен қатар көл жағасына барып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді қатысты. Балалар көл жағасындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, табиғатты таза ұстаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.

Экология күні оқушыларға қоршаған ортаны қорғау – әр адамның азаматтық борышы екенін түсіндіріп, табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін арттырды. Күн әсерлі де пайдалы өтіп, балаларға жақсы көңіл күй сыйлады


Текст