Бүгін мектебімізде "Қазақ тілі мен әдебиеті" апталығы аясында 9 - сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен ашық көрсетілім сабағы өткізілді. Мұғалімі : Казбекова Гульжан Жаксылыковна.Сабағымыздың негізгі мақсаты әдеби диктанттың орындау әдісін үйрету. Тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру болды. Сабақ нәтижесі бойынша оқушылар да , қатысушы жас маман мұғалімдер де әдеби диктанттың орындау әдісін үйренді. Шағын шығармашылық «Бестік» диктантын жаза алды. Сабаққа қатысушы ұстаздарымыз да, жас мамандарымызда «Бестік диктанттың» өзіндік ерекшелігі және де "Бестік" диктанттың ұтымды жағы неде екендігін түсініп , ой бөлісті . «Бестік» диктанттың моделі: Сөз – сөйлем — сұрақ – жауап — түйін. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сынып оқушыларының барлығы да ат салыса қатысып,білімдерін көрсете білді.