Текст
Бастауыш сынып мұғалімдері Мусина К.Е. мен Хамзина С.Ж 3«А» мен 4 «А» сыныптарында өзін-өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылар сүйіспеншіліктің ең ұлы құндылық екенін ұқты. Өмірде сүйіспеншілік жүрген жердетабыс та, байлық та бірге жүретініне дәлел болатын бейнебаян тамашалады. Және сүйіспеншілік туралы өз ойларымен бөлісті. Аналарына деген сүйіспеншіліктерін «Абзал ана» әні арқылы көрсетті.