Текст
Ұйымдар тізімі
«Новочеркасск ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де математика пәнінің мұғалімі Залюбовский А.В. 8–9-сынып оқушыларына арналған математикалық сауаттылықты дамыту бойынша алғашқы сабақты өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдануға бағытталған практикалық мазмұндағы математикалық есептерді орындап, логикалық ойлау мен талдау дағдыларын дамытты. Сонымен қатар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында математикалық ребустар шешіліп, олардың зейіні, тапқырлығы және шығармашылық ойлау қабілеттері жетілдірілді.
Сабақ белсенді жұмыс атмосферасында өтіп, оқушылар ұсынылған тапсырмаларға қызығушылық танытып, оларды сәтті орындады.



Мектеп жанындағы лагерьдің 2...