Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту жоспары
МАҚСАТЫ
«Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру;
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіру;
Өзге ұлт өкілдерінің қазақша сауаттарын ашу;
Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде жаза білуге үйрету;
Мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға және қазақ тілінде сөйлеуге машықтандыру;
МІНДЕТТЕРІ:
«Тіл туралы» Заңмен танысу;
Мемлекеттік тілдің қажеттілігін түсіну;
Қазақ тілінде сауаттарын ашу;
Қазақ тілінің әр бөлімі бойынша тақырыптар өту;
Сынақ тапсырмаларын орындау;
Бақылау жұмыстарын орындау
Түсіндірме жазба
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету бойынша іс-шаралар жоспары тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Тіл туралы» Заң негізінде құрастырылды.
Жоспарға қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіру, мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыруға байланысты іс-шаралар енгізілді. Сонымен қатар қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы бойынша тақырыптар енгізілді. Тақырыптарды өту барысында жазбаша сауаттылықтарымен қатар ауызша тілдерін дамытуға байланысты диолог, мәтінмен жұмыс түрлері де қарастырылды.
Өтілген тақырыптарды бекіту үшін қайталау сабақтары берілді. Өтілген тақырыптарды меңгеру деңгейлерін тексеру үшін сынақ сағаттары да белгіленді.
Жоспар аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа құрылды.
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бірлік жолында азаматтық бірізділікті қалыптастыру үшін маңызды. Қазақ тілін білу – қазіргі әр қазақстандықтың өзіндік ерекшелігінің кепілі. Дәл осы идея қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін іздеу қажеттілігін туғызды.
Курста оқытудың басым әдісі – коммуникативтік тәсіл.
Бұл тәсілді алуымның бірнеше себептері бар:
біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын меңгеруге бағытталған, сондықтан ең алдымен, тыңдалым мен айтылым дағдыларына көңіл бөлінеді; айтылымдағдысын дамыту арқылы жүзеге асырылады;
екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш», «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес. Бала грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды. Уақыт өте келе оның сөздік қоры молаяды, қоршаған адамдардың басым бөлігі оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алады. Содан кейін ғана бала оқу мен жазуды үйренеді. Курста ана тілінен өзге тілді үйренудің негізі осында жатыр.
Мұндай оқытудың негізгі мақсаты грамматикалық құзыреттілікті қалыптастыру емес (сөз тіркестері мен сөйлемдерді сауатты құру, мезгіл шақтарын дұрыс қолдану, әр түрлі сөйлемдердің құру түрлерін білу), коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Сөзсіз, грамматикалық құзыреттілік маңызды, бірақ коммуникативтік тәсілдемеде грамматикалық ережелерді іс жүзіндегі қарым-қатынаста қолдануға негізделген.
Коммуникативтік құзыреттілік тілді әр түрлі мақсат пен функцияда қолдануды, әр түрлі сипаттағы және типтегі мәтіндерді құру, оқу және түсіну, шектеулі лексикалық және грамматикалық базасы болғанның өзінде әңгімеге араласуды қамтамасыз етеді.
Курс барысында тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогты әрі қарай өрбіту нұсқасын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету, өзгертіп айту дағдысын дамыту параметрлеріне назар аударылады.
Коммуникативтік оқытуда білім алушы тек қана тіл туралы білімді меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді: жыл он екі ай көлемінде жұмыс барысымен, оның ерекшелігімен, әр маусымдағы қажеттіліктермен, мерекелермен қатысты сөздік білімі, осылардың бәрі шынайы қарым-қатынастың жағдаяттарында сөйлеушімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Айтылым - адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетінің бір түрі. Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттайалады. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.
Қатысушы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін қамтитын - тілдесім арқылы қарым-қатынасқа түсе отырып, білімін жетілдіреді. Бағдарлама спиральді білім беру қағидатына негізделген. Яғни, тыңдаушыға ұсынылып отырған әдіс-тәсілдерде де оның дағдысын қайталау арқылы қалыптастыруға бағытталған. Ол әр маусымда жүргізілетін жұмыс түрлерімен , сөз , сөз тіркестерін байланыстыра отырып жаңа білімге жетелейді.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту ұсынылған. Оқушылардың қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп сөйлеуге, бірінің пікірін бірі қадірлеуге, өзіндік және өзара бағалауға, сөзді ойын арқылы жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатында белсенді оқыту, коммуникативтік технология, интерактивті оқыту негізінде ұйымдастыру мен сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары қолданылған.
|
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі : Казбекова Г.Ж