«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметiнің Үлгілік қағидалары

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрінің

          2015 жылғы «__» ____________

            №      бұйрығына

     1-қосымша

 

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметiнің Үлгілік қағидалары

1. Жалпы қағидалар

1. Осы қағидалар әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсеткіштерін белгілеу, арнайы оқу бағдарламалары түрін айқындау және білім беру ұйымдарына жіберу мақсатында даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың  психофизикалық бұзылуларын диагностикалауды жүзеге асыратын психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды (бұдан әрі-ПМПК).
          2. ПМПК - арнайы бiлiм беру ұйымдары түрлерiнiң бiрi болып табылады, облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана әкiмдерінің шешiмiмен 60 мың бала тұрғынға арнайы ашылады.

3. ПМПК өз жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларының орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады

          4. ПМПК ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк мекеме ретінде мөрi және мөртаңбасы, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi маңдайша жазуы болады.

 2.    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар

қызметiнің тәртібi

 

5. ПМПК-нің негізгі міндеттері:

1) туылғаннан 18-гe дейiнгi балалардың, оның ішінде психофизикалық жағдайларының скринингі нәтижелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары жіберген  ерте жастағы балалардың психофизикалық бұзылуларын анықтау мақсатында, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру;

2) мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерi бойынша олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне), білім беру ұйымдарының педагогтарына кеңестік көмек көрсету;    

3) әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсеткіштерін айқындау, жеке оңалту бағдарламасын құрастыру;

4) мүмкіндіктері шектеулі баланың білім беру бағдарламасының түрін анықтау;

5)  мүмкіндіктері шектелуі балалардың есебін жүргізу және олардың арнайы білімдік және әлеуметтік қызметке мұқтаждығы туралы есебін қалыптастыру;

6) психофизикалық бұзылулары бар балаларды тереңдетіп тексеру, емдеу және динамикалық бақылау үшiн,  оның ішінде мүгедектігін анықтау жөнінде кеңес алу, әлеуметтік қорғау шараларын, медициналық көрсеткіштері бойынша үйде оқытуда  мұқтаждығын айқындау мақсатында медициналық ұйымдарға жiберу;

7) баланың жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты бұрын қойған диагнозын және арнайы қызмет көрсетуге берiлген құқығын қажет болған жағдайда растау, нақтылау және өзгерту;

8) білім берудің басқару органдарына арнайы және инклюзивтік білім беру ұйымдары желісін дамыту және мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік, білімдік және медициналық қызмет көрсету жөнінде ұсынымдар енгізу;

         9) қиын өмірлік жағдайдағы, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасайтын бiлiм, әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау органдары мен ұйымдардың және басқа ұйымдардың мамандарымен бiрлесе жұмыс iстеу;

         6. Кешенді түрде диагностикалық тексеру жүргізу үшін ПМПК қажетті медициналық және психодиагностикалық құрал-жабдықтары бар жеке ғимаратта ашылады. ПМПК жиһаздармен, оның ішінде балаларға арналған жиһаз, кiлемдер, компьютерлiк техникалар, электрондық байланыс, автокөлiкпен қамтамасыз етіледі.

  7. Балалардың ПМПК-ке жіберілуі ата-аналарының (заңды өкілдерінің), білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоғамдық ұйымдарының бастамасымен ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімі арқылы жүзеге асырылады

ПМПК-ға балаларды қабылдау алдын ала тіркеу бойынша тек ата-аналарының (заңды өкілдерінің) бірге ерiп келуiмен жүзеге асырылады.

ПМПК-ның мамандары қажетті кезде балалардың үйлеріне барып қарайды. 

                   8. Тіркеуші

ке балаларды алдын- ала жазу, тіркеу және құжаттарын есепке алу жұмыстарын жүргізеді.  Статист мүмкіндіктері шектеулі балалардың есебін жүргізіп,  олардың саны мен мұқтаждықтары жөнінде жиынтық есебін құрастырады,  мүмкіндіктері шектеулі балалар мұқтаждықтары есебінің сараптамасын жүзеге асырады.

         9. Диагностикалық тексеру мен кеңес беруді төмендегі мамандар жүзеге асырады:

 - педагогикалық қызметкерлер (психолог, логопед-мұғалім, дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтікпедагог;

- медициналық қызметкерлер (врач-невропатолог-дәрігер, психиатр-дәрігер,  офтальмолог-дәрігер, оториноларинголог-дәрігер (сурдолог).

10. Бірінші тексеруге анамнез жинау, тексерудің барлық түрі, баланың психофизикалық жағдайын бағалау, ата-аналарына(заңды өкілдеріне) кеңес беру кіреді. Бірінші тексеру 1-4 сағат ішінде болады. Қабылдаудың ұзақтығы бір сағат, баланың шаршауы жоғары болғанда 20- 30 минут.

11. Қайта тексеру ПМПК-ның жалпы тұжырымын нақтылау немесе өзгерту мақсатында жүргiзiледi, ең алдымен, диагностикалық оқу-түзеу сабақтарынан (диагностикалық сыныптар (топтар), бiлiм беру ұйымдарындағы сынама оқыту) кейiн интеллектуалдық немесе тілдік даму кемiстiгi  деңгейiн нақтылау қажеттiгi болған жағдайда жүргізіледі.

12. Психикалық бұзылулар (аурулар), психикалық және мінез-құлықтық ауытқушылықтары, соның ішінде психобелсенді заттарды қолдануы салдарынан болған және де суицидалдық мінез-құлық болған жағдайда тереңдетілген тексерулер жүргізу үшін медициналық мекемелерге жіберіледі. Психикалық бұзылулары жөнінде ПМПК қорытындысы халықаралық топтамаға сәйкес шифрленіп көрсетіледі.

13. Тексерулер нәтижелері негізінде ПМПК-нің жалпы тұжырымдамасы қабылданады,  баланың жекелік психофизикалық ерекшеліктеріне қарай түзеу-дамыту оқуы барысындағы білімдік бағдарламасының түрі жайлы коллегиялық шешім шығарылады (3 Қосымша).

Қажет болған жағдайда медициналық, білімдік және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ұсынымдар қарастырылған оңалтудың жекелік бағдарламасы құрастырылады,  ата-аналарға (заңды өкілдеріне) кеңестік көмек көрсетіледі.

14. ПМПК тексеру нәтижелері негізінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру ұйымдарына бос орын бар болған жағдайда жолдама береді немесе кезек қалыптастырады.

15. Дәрігерлік-кеңес комиссиясының оқыту түрі туралы анықтама, білім бағдарламасының түрі жөнінде ПМПК тұжырымдамасы мен ұсынымдары ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімімен балаларды арнайы және жалпы  білім беру ұйымдарына жіберудің негізі болып табылады. Медициналық және психологиялық-педагогикалық диагноз ПМПК тұжырымдасында балаларды арнайы білім беру ұйымдарына орналастыру жөніндегі Нұсқауға сәйкес рәсімделуі керек.  

16. Балаларға терең және динамикалық тұрғыда психолоиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету үшін ПМПК-де түзеу-диагностикалық топтар құрылуына болады

 

Түзеу-диагностикалық топтар қызметінің тәртібі  

 

17. Түзеу-диагностикалық топтарының негізгі міндеттері:

1) соңғы диагнозын және психикалық даму бұзылуларының сипатын анықтау үшін балаларға динамикалық тұрғыда психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізу;

2) жекелік түзеу-дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие үдерісіне қатысушыларға ұсынымдар дайындау;

3) білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жағдайлары мен мүмкіндіктерін белгілеу;

18. Түзеу-диагностикалық топқа балалардың қабылдануы, топта болу мерзімінің ұзартылуы мен қысқаруы, бір айдан бір жылға дейін көрсетіліп,  ПМПК тұжырымдамасы мен жолдамасы арқылы жүзеге асырылады. Түзеу-диагностикалық топтарында  тексеру нәтижелері бойынша жекелік түзеу-дамыту бағдарламасын құрастырады, оқу түрін (жекелік  немесе топтық) және апталық түзеу-дамыту сабақтар  санын белгілейді.

19. Жекелік түзеу-дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін төмендегідей мамандар тартылады:

Педагогикалық қызметкерлер: психолог, логопед-мұғалім, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог;

Медициналық қызметкерлер: невропатолог-дәрігер, психиатр-дәрігер,  офтальмолог-дәрігер, оториноларинголог-дәрігер (сурдолог).

Физиотерапевтикалық процедуралар, емдік денешынықтыру, массаж сияқты қызмет түрлерін көрсететін медициналық мамандар лауазымдары (ЕДШ дәрігері, врач физиотерапевт-дәрігер, орта медициналық персонал), педагогикалық  профильдегі мамандар, техникалық қызмет көрсету персоналы қажеттіліктеріне қарай енгізіледі.

20. Түзеу-диагностикалық  оқу күнтізбелік жыл ішінде қысқа мерзімді стационарлық және күндізгі (толық күнді) топтарда ұйымдастырылады.

Түзеу сабақтары жекелік, ішкітоптық және топтық түрде бір жастық немесе әр жастық қағида бойынша жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жекелік, ішкітоптық және топтық бір сабақтың  ұзақтығы 25-30 минутты құрайды.

Қысқа мерзімді және күндізгі топтардағы балалар  жекелік түзеу-дамыту қызметінен бөлек кесте бойынша қосымша денешынықтыру, музыкалық даму, бейнелеу, жалпы және математикалық ұғымдарды қалыптастыру, ұсақ моторикасын дамыту, тіл дамыту бойынша топтық сабақтарына барады. По медициналық көрсеткіштері бойынша  физиотерапевтикалық процедуралар мен массаж, емдік денешынықтыру тағайындалады.

21. Түзеу-диагностикалық  үдерісі арнайы жабдықтар мен жағдайларды қажет етеді (логопедиялық кабинет, ЕДШ және музыкалық ырғақ залы, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, есту түйсігін дамыту, көру қабілетін түзеу кабинеттері, сенсорлық бөлме), медициналық көмек көрсету кабинеттері(дәрігерлік қарау кабинеті, процедуралық кабинет, изолятор, физиотерапевтикалық кабинет),  санитарлық-гигиеналық және шаруашылық-тұрмыстық қызмет бөлмелері.

22.  Түзеу-диагностикалық топта болу мерзімі аяқталғаннан кейін ПМПК мамандары мен түзеу-диагностикалық топтың мамандарының консилиумы оқу бағдарламасы мен білім беру ұйымының түрін айқындау үшін тұжырымдама мен ұсынымдар береді.

 

4. ПМПК құжаттарын жұргізу, сақтау және қолға беру тәртібі

 

23. ПМПК-да жүргізілетін құжаттар: консультацияға алдын ала жазылу журналы, тексеруден өткен балаларды есепке алу журналы (1 Қосымша), баланың даму картасы (2 Қосымша) - баланы тексергеннен кейін 3 тәулік ішінде толтырылады.

24. Баланың даму картасында анамнез деректері,  тексерудiң барлық түрлерiнiң нәтижелерi,  ПМПК-тің  жалпы тұжырымдамасы мен ұсынымдары жазылып, кең түрде     барлық    медициналық және психологиялық-педагогикалық диагноздары ашық көрсетіледі, оның ішінде:

- психологиялық дамуы мен ақыл- ой  бұзылуларының - психиатриялық диагнозы;

- неврологиялық бұзылуларының  - неврологиялық диагнозы;

- есту қабілеті бұзылуларының - сурдологиялық диагнозы (есту функциясының төмендеу дәрежесі децибел арқылы);

- көру қабілеті бұзылуларының - офтальмологиялық диагнозы (көру функциясының төмендеу дәрежесі  - көз өткірлігі арқылы);

- тіл бұзылулары - педагогикалық және клиникалық топтама шеңберінде тіл бұзылуының түрі туралы логопедтің тұжырымдамасы;  

- оқу және тәрбиелік проблемалары - заключение психолог пен педагога;

- социальных проблем - социального педагогтың тұжырымдамасы;

- жанамалық аурулар мен синдромдар (органдар мен жүйелерінің созылмалы аурулары, жүйке-жүйесінің тұқымқуалаушылық-дегенеративтік аурулары,  патопсихологиялық, нейропсихологиялық синдромдар, оқу қабілетінің бұзылулар синдромы мен мектепке бейімделмеу синдромы).

 25.  Ата-аналарына (заңды өкілдеріне) берiлетін тұжырымдамада (даму картасының көшiрмесi)  мыналар көрсетіледі:

         1) баланың ой-өрісінің жағдайы,

         2) кеңейтiлген неврологиялық диагноз(халықаралық аурулар топтамасына сәйкес);
         3) психиатриалық диагноз: баланың психикалық ауруы және бұзылулары бар болғанда психиатрдың  диагнозы, қажет болған жағдайда халықаралық аурулар топтамасына сәйкес белгiленедi;

         4) сөйлеу бұзылулары болған жағдайда - логопедтiң тұжырымдамасы;
         5) жанамалы аурулар мен синдромдар (халықаралық аурулар топтамасына сәйкес органдар мен жүйелерінің созылмалы аурулары, жүйке-жүйесінің тұқымқуалаушылық-дегенеративтік аурулары, сонымен бірге патопсихологиялық, нейропсихологиялық синдромдар, мектепке бейімделмеу).

26. Ата-аналарына (заңды өкілдеріне) тиісті ұсынымдары бар тұжырымдама беріледі. Арнайы және жалпыбілімдік ұйымдарға жіберілген ПМПК тұжырымдамасы бар балалар тізімі тоқсан сайын облыстық, аудандық, қалалық білім басқармалары мен республикалық ПМПК-іне жіберіліп отырады.

           27. ПМПК-де есепте тұрған балалар жайлы деректер конфиденциалдық сипатта болады, даму картасының көшірмесі тек тергеу орындарының, психикалық орталықтардың, психиатриялық ауруханалардың, және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау өкілетті органдарының жазбаша  сұраныстары бойынша  ғана берiледi.

28. Әр баланың даму картасы 5 жыл сақталып, сақтау мерзімі өткеннен соң мұрғатқа өткізіледі.

  29. Қажет болған жағдайда ата-аналарға (заңды өкілдеріне), сондай-ақ педагогтарға, дәрiгерлерге балалар мен жасөспiрiмдердi емдеу, оқыту және тәрбиелеу жөнiнде нақты ұсынымдар берiледi.

  30. Балада зерделік  және сөйлеу қабiлетi бұзылулары бар жағдайда ата-аналарға (заңды өкілдеріне) баланың даму картасының толық түрдегi көшiрмесi мен емдеу, оқыту және тәрбиелеу жөнiнде жазбаша түрде  ұсынымдары берiлуі мүмкін.

 

ПМПК-ны басқару

         31. ПМПК-да ПМПК меңгерушiсi, облыстық білім басқармасы басшылық етедi. ПМПК меңгерушісін облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергілікті бiлiм басқармалары (қалалық, аудандық), ал Республикалық ПМПК менгерушiсiн - бiлiм саласының орталық атқарушы органы тағайындайды.

    32. ПМПК-тің барлық мамандарының құқықтары мен міндеттері осы Қағидалармен, ішкі тәртіп қағидаларымен, біліктілік мінездемелерімен және қызметтік нұсқауларымен белгіленеді. ПМПК-тің барлық мамандары (дәрiгерлер, педагогтар, психологтар) үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағатқа белгiленедi. Меңгерушілер, статистиктер үшiн -аптасына  30 сағат.

     Еңбек демалысының  мерзімі еңбек заңнамаларына  сәйкес белгіленеді.

    33. ПМПК мамандарының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

    34. ПМПК қаржы-шаруашылық қызметiн, бюджеттен бөлiнген қаржы мөлшерiнде шығыс сметасына сәйкес, сондай-ақ заң бойынша рұқсат етілген бюджеттен тыс қаржы есебiнен, iске асырып отырады.

35. ПМПК-ның ашылуы, қайта құрылуы, жабылуы, материалдық-техникалық қамтамасы Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен белгіленеді. Республикалық ПМПК қызметіне бақылауды білім беру саласының орталық атқару органы  жүзеге асырады, ал облыстық, ауданаралық және қалалық ПМПК-лар қызметіне - жергілікті (қалалық, аудандық), республикалық мағынасы бар қала мен астаналық білім басқармалары.Облыстық, қалалық, аудандық ПМПК-ге әдістемелік көмекті Республикалық ПМПК көрсетіп отырады. 

 

 

 

 

1-қосымша

 

 

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына

жіберу және орналастыру  жөнінде нұсқау  

 

          1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына жіберу және орналастыру  жөнінде нұсқа (бұдан әрі – Нұсқау) мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына жіберу және орналастыру ережелерін белгілейді. 

2. Нұсқау мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына жіберу мен орналастырудың  критерийлерін, олардың арнайы білім беру ұйымдарында болу мерзімін белгілейді.

          3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың  білім беру ұйымдарына қабылдануы ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен ПМПК тұжырымдамасы мен ұсынымдары негізінде жүргізіледі. 

4. Мүмкіндігі шектеулі балалардың  арнайы білім беру ұйымдарында, арнайы топтар мен сыныптарда болу мерзімінің ұзақтығын ПМПК белгілейді. 

5. Мүмкіндігі шектеулі балалардың  басқа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына ауыстырылуы ПМПК тұжырымдамасы бойынша, соның ішінде білім беру ұйымы консилиумының бастамасымен және ұсынымдары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

 

2. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына

жіберу және орналастыру 

 

6. Есту қабілеті бұзылған  балалар категориясына естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар жатқызылады:

- естімейтіндер – есту қабілетінен толық айырылған балалар,  бұл жағдайда өз бетінше сөйлеп,  үйрене алмайтындар;

- нашар еститіндер - есту қабілеті толықтай төмендеген балалар,  өз бетінше тілді қабылдап, сөздік қорын жинауға мүмкіндігі барлар;

- кейіннен естімей қалғандар – есту қабілеті бұзылған кезде сөйлеу тілі қалыптасқандар.

7. Арнайы білім беру ұйымдарына қабылдауға жататын естімейтін балалар:

- қатты дауысқа мән бермейтін;

- қатты дауысқа мән беретін;

- құлақ қалқанының жанында қатты сөйлеген дауысқа мән беретін;

- құлақ қалқанының жанында айтылған кейбір тілдік дыбыстарды  ажырататын (а, о, у, р).  Бұл балалар тілдік аймақта 90дб ары есту қабілетінен айырылғандар;

- қабылдауы (түсінуі) мен белсенді сөйлеу тілі төмен дәрежедегі кохлеарлық импланты барлар. 

 8. Арнайы білім беру ұйымдарына қабылдауға жататын нашар еститін, кейіннен естімей қалған балалар:

-  тілдік аймақта 40 дб бастап 80  дб дейінгі аралықта есту қабілетінен орташа  айырылғандар, сөйлеу тілін (құлақ қалқанынан 3 м. дейін әдетті дауыс қаттылығымен айтылған сөздерді, сөйлемдерді) ажырата алатындар және есту қабілетінің төмендеуі салдарынан түрлі дәрежедегі тілдік кемшіліктері бар балалар;

 - мектепке дейінгі жаста естімей қалғандар, бірақ сөйлеу тілі едәуір бұзылып, сақталып қалғандар;

- тілдік аймақта 80 дб бастап 90 дб дейінгі аралықта есту қабілетінен айырылғандар (диагностикалық (сынамалы) түзеу-дамыту оқуына қабылдануына болады);

-  40 дб бастап 80  дб дейінгі аралықта есту қабілетінен айырылу барысында есту нейропатиясымен (аудиторлық)  ауыратындар және сөйлеу тілін  қабылдауы бұзылғандар;

- қабылдауы (түсінуі) мен белсенді сөйлеу тілі төмен дәрежедегілер, кохлеарлық импланты барлар.

9. Көру қабілеті бұзылған балалар категориясына жататындар: көрмейтіндер, кейіннен көрмей қалғандар, нашар көретіндер, амблиопиясы мен қылилығы бар балалар:

          - көрмейтіндер – көру сезімдерінен, жарықты сезінуден толық айырылғандар немесе қалдық көру қабілеті барлар (көзілдірікпен түзету кезінде жақсы көретін көзінде 0,04-дейін), сондай-ақ,  прогредиенттік ауруы бар және көзінің өткірлігі 0,08 дейін көру аймағы тарылғандар (10-15 дейін); 

- нашар көретіндер – жақсырақ көретін көзін кәдімгі көзілдірікпен түзету кезінде көзінің өткірлігі 0,005 - 0,2,  басқа да көру функцияларының ауытқулары (түссезгіштік, жарықсезгіштік, перифериялық және бинокулярлық көру) барлар;

- амблиопия – көз өткірлігінің функционалдық (кері қайтарушылық)  төмендеуі;

- қылилық – көздің үнемі емдеуді қажет ететін  бинокулярлық бұзылуы барлар.

10. Көрмейтін балаларға арналған ұйымдарға жіберілетін балалар:

- жаппай көрмейтіндер (толық соқырлық), кейіннен көрмей қалғандар;

- жарықсезгіштігі бар;

- тасымал түзеумен жақсырақ көретін көзінде 0,04 және одан төмен қалдық көру өткірлігі бар;

- көру нервісінің үдемелі атрофиясы және көру қабілетінің үдемелі төмендеумен сипатталатын басқа аурулар кезінде тасымал түзеумен  жақсырақ көретін көзінде 0,05-0,08 көру өткірлігі бар.

11. Нашар көретін балаларға арналған ұйымдарға жіберілетін балалар:

- түрі мен патологиялық үдерістің барысы ескеріле отырып, оптикалық түзету жағдайында жақсырақ көретін көзінде 0,05 - 0,4 көру өткірлігі бар;

- оптикалық түзету жағдайында, плеоптикалық емдеуді қажет ететін,  жақсырақ көретін көзінде 0,7 дейін амблиопиясы (дисбинокулярлық, рефракциялық, обскурациялық) бар;

- ортопто-оталық-ортоптиялық немесе тек ортоптиялық емді қажет ететін қылилық бар.  

12. Топтар мен сыныптарды толық жинақталмау кезінде   көрмейтін, нашар көретін, амблопиясы мен қылилығы бар балаларды бірге оқытуға болады.

Көру өткірлігі 0,2-ден жоғары болғанда  патологиялық үдерістің үдеуі және астенопиялық шағымдар жоқ болғанда, көру өткірлігі одан жоғары болғанда үдемелі немесе рецидивті аурулар кезінде, жақыннан оқу және жазу кезінде астенопиялық құбылыстардың жиі болған жағдайда, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін ұйымдарда оқуына болады.

  Көру өткірлігі 0,7-ден жоғары балалар офтальмологиялық емді тұрғылықты жерлеріндегі денсаулық сақтау ұйымдарынан алады.

 Офтальмологиялық көрсеткіштері негізгі көру функцияларының жағдайына қарай қатаң жеке түрде қойылады: көру өткірлігін   кәдімгі оптикалық әйнектер арқылы тасымал түзеу (жақыннан және алыстан көру үшін), көру шектерін, және көз органының бұзылуының сипаты мен екі көзі немесе жақсырақ көретін көзіндегі патологиялық үдерістің барысы.  Негізгі және қосымша  офтальмологиялық диагноз,  әртүрлі офтальмологиялық зерттеулер нәтижелері ескеріледі.

13 Тілдіі бұзылуы бар балалар категориясына жалпы тіл кемістігі, фонетико-фонематикалық кемістігі, оның ішінде  алалия, афазия, дизартрию, дислалия, ринолалия, тұтықпа және басқа да тіл бұзылулары бар балалар жатады. 

14. Тіл бұзылуы бар балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі  ұйымдарға жіберілетін балалар:

- 2-3 жас аралығындағы тіл дамуының бөгелуі бар;

- алалия, афазия, дизартрия, ринолалия, тұтықпа салдарынан 1-2 дәрежедегі саңыраулықтан болған 1-3 деңгейдегі жалпы тіл кемістігі бар;

- кохлеарлық имплант қойылған;

-  тіл  бұзылуымен бірге аутисттік спектрінің бұзылымы бар   (бір топта 1-2 баладан аспауы).

15. Тіл бұзылымы бар балаларға арнайы мектептік білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар:

- алалия, афазия салдарынан 1-2 деңгейдегі жалпы тіл кемістігі бар, кохлеарлық имплант қойылған. Бір сыныпта кохлеарлық импланты бар 3-тен артық бала оқытылмайды.

- 1-2 деңгейдегі жалпы тіл кемістігімен бірге тілдің бұзылуымен бірге аутистік спектрдің бұзылуы бар болғанда (бір сыныпта аутистік спектрдің бұзылуы бар бала саны 2-ден аспайды);

- дизартриядан (анартриядан), ринолалиядан, ринофонией, ауыр дәрежедегі тұтықпа салдарынан болған 1-3 деңгейдегі жалпы тіл кемістігі бар.

2-3 жас аралығындағы тіл дамуы кешіккен балалар, 3 жастан бастап фонетикалық тіл дамуы кешіккен, фонетико-фонематикалық және 3 деңгейдегі жалпы тіл кемістігі бар, айқын анықталмаған жалпы тіл кемістігі бар, тұтықпасы бар балалар мектепке ұйымдар жанындағы логопедиялық пункттерге жіберіледі.

Сөйлеу тілінің (фонетикалық тіл кемістігі, фонетико-фонематикалық  және анық емес жалпы тіл кемістігі, жеңіл тұтықпа) және жазу тілінің (дисграфия, дислексия, дизорфография) түрлі бұзылымдары бар мектеп жасындағы балалар жалпы білім беру мектептерінің жанындағы логопедиялық пункттерге жіберіледі.

16. Логопедиялық көмек алу үшін тіл  бұзылуы бар балалар, сондай-ақ, тұрғылықты жерлерінің логопедиялық бөлімдеріне, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттеріне, реабилитациялық орталықтарға, балалар емханаларына жіберіледі.

17. Ақыл-ой кешеуілі бар балалар категориясына ми қабыршығының органикалық диффуздық зақымдануы салдарынан болған  танымдық саласының барлық жақтары бойынша қайтпас бұзылымдары барлар (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі), ақыл-ой дамуындағы кешеуілге теңестірілген әртүрлі генездік зерделік кемістіктері бар (жарыместік);  жеңіл және орташа ақыл-ой кешеуілдерімен бірге аутистік спектрінің бұзылуы бар балалар жатқызылады.      

         18. Ақыл-ой кешеуілі бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына жіберудің медициналық көрсеткіштері:

- жеңіл ақыл-ой кешеуілі;

- инфекциялық, интоксикациялық, жарақаттық және басқа 3 жастан кейін пайда болған ми зақымдануы нәтижесіндегі, жеңіл ақыл-ой кешеуіліне теңестірілген, зерделік кемшілік (жарыместік);

- эпилепсиялық, шизофрениялық жарыместік, жеңіл ақыл-ой кешеуіліне теңестірілген зерделік кемшіліктерімен бірге аутистік спектр; 

-  орташа ақыл-ой кешеуілі және осыған келтірілген түрлі генездегі  зерделік кемшілік;

 

 

 

 

 

 

19. Орташа ақыл-ой кешеуілі және өзге генездің зерделік кемшілігі бар балалар мектепке дейінгі ұйымда 8 жасқа дейін бола алады.

20. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған Типтік оқу жоспары бойынша, орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған Типтік оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Балалар 1-сыныпқа 7-9 жаста қабылданады.

21. Психикалық дамуы кешіккен балалар категориясына (ары қарай- ПДК) церебралды-органикалық, конституционалдық, соматогендік, психогендік генездегі танымдық және эмоционалдық-еріктік саласының қалыптасуы кешіккен балалар жатады.

Он екі жастан кейін психикалық дамудың кешігуі шекаралық интелектуалдық кемшілік ретінде анықталады. 

22. Психикалық дамуы кешіккен балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар:

- церебралды-органикалық, конституционалдық, соматогендік, психогендік генездегі психикалық дамуы кешіккен балалар;

- кохлеарлы имплантант қойылған;

- психикалық дамуының кешігуімен  бірге аутисттік спектрінің бұзылымы бар болғанда (бір топта немесе сыныпта аутизмі бар 1-2 бала ғана оқытылады).

 23. Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы бар балаларға тірек-қозғалыс аппаратының түрлі туа біткен және кейін болған патологиясы бар, оқытудың арнайы жағдайларын қажет ететін балалар жатқызылады.

24. Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар:    

- жеке қарауды қажет етпей, өз бетінше жүре алатындар;

- арнайы қозғалыс құралдары немесе техникалық компенсаторлық (көмекші) құралдар көмегімен жүретіндер;

- білім беру ұйымына келуіне арнайы жағдайлар жасалған өз бетінше жүре алмайтындар. 

Арнайы білім беру ұйымдарына қабылдаудың медициналық көрсеткіштері:   

- балалар церебралды сал ауруы;

- тұрақты парездер, жарақаттық, инфекциялық немесе басқа генездегі сал ауруы;

- туа біткен және пайда болған тірек-қозғалыс аппаратының деформациялары

- инфекциялық артриттер, артрогриппоз, хондродистрофия, миопатия салдары.

25. Күрделі бұзылулары бар балалар категориясына екі және одан жоғары алғашқы психофизикалық бұзылулары бар балалар жатқызылады.

26. Күрделі бұзылулары бар, соның ішінде соқырсаңыраулық (туа біткен немесе ерте жаста сөйлегенге дейінг пайда болған) балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына есту және көру қабілеттерінің бірлескен бұзылулары бар, зерделік бұзылу мен саңыраулық, саңыраулық пен балалар церебралды сал ауруы бар, көру қабілеті бұзылуларымен бірге балалар церебралды сал ауруы бар ж.т.б. балалар қабылданады.

27. Инклюзивті топтар мен сыныптарға дені сау балалармен бірге  жалпы білім оқу бағдарламаларын меңгере алатын, жекек тұрғыда түзеу көмегін алатын  мүмкіндігі шектелген балалар қабылданады.

28. Мектепке дейінгі ұйымдардың инклюзивті топтары мен жалпы білім бері ұйымдарының сыныптарына  қабылданатын балалар:

- нашар еститін, кейін естімей қалған;

- 2-3 және 3 деңгейдегі жалпы тіл кемістігі бар, дисграфиясы, дислексиясы, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі тұтықпасы бар;

- нашар көретін балалар (жақсырақ көретін көзінде көру өткірлігі 0,05-0,4 болғанда тасымал түзеуге болатын; сонымен қатар өзге көру функцияларының жағдайы (көру шектері, жақындағы көз өткірлігі), патологиялық үдерістің түрі мен ағымы ескеріледі; қылилық пен амблопиясы бар;

- зердесі алғашқы сақталған және дөрекі емес тілдік бұзылымы бар тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы бар, соның ішінде: өз бетінше жүре алатындар, жеке қарауды қажет етпейтіндер, мекемеге келе алуына арнайы жағдайлар жасалған өз бетінше жүре алмайтындар; 

- психикалық даму бөгелісі бар балалар;

- жалпы білім беру бағдарламасын және ұжымдағы жалпы қабылданған тәртіп нормаларын меңгеруге кедергі болмайтын, ақыл-ой, сөйлеу тілі және  әлеуметтік-қатынастық дамуы қажетті деңгейдегі аутистік спектр бұзылуы бар.

29. Аутистік спектрі бұзылған балаға бейімделу кезеңінде (3 айға дейін) тіл және басқа да қатынас құралдарын, тәртіп ережелін шектеулі қолдануына, оқу бағдарламасын таңдаулы (толық емес) меңгеруіне рұқсат етіледі.

Оқуы мен тәртібінің қиындықтары айқын сақталған жағдайда, сынақ мерзімінен кейін, білім беру ұйымы баланы ары қарай оқу жағдайын белгілеу үшін ПМПК-не жібереді.

        30. Оңалту орталықтарына, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттеріне психофизикалық дамуында бұзылуы бар балалар жіберіледі:

- психикалық даму бөгелісі бар;

- тіл дамуының бөгелісі бар (0 – 3 жас)

- түрлі деңгейдегі ақыл-ой кешеуілі бар;

- балалар церебралды сал ауруы және басқа тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы бар;

- ауыр тіл бұзылуы бар (1-3 деңгейдегі жалпы тіл кемістігі, ауыр дәрежедегі тұтықпа);

- есту қабілетінің бұзылуы бар;

- көру қабілетінің бұзылуы бар;

- кохлеарлық имплант қойылған;

- аутисттік спектрінің бұзылуы және басқа да эмоционалдық-еріктік бұзылулары бар.

31. Оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері психологиялық-медиккалық-педагогическкалық кеңес тұжырымдамасы бойынша төмендегідей балаларды қабылдайды:

- 0 мен 3жас аралығындағы  мүмкіндігі шектелген балалар;

- үздіксіз толық оңалғанға дейін үздіксіз түзеу-педагогикалық көмегін алатын арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған 3-7 жас аралығындағы мүмкіндігі шектелген балалар немесе балаларды арнайы білім беру және жалпы білім беру ұйымдарына жіберуге дейін;

- 7-18 жас аралығындағы арнайы білім беру ұйымдарына бармайтын мүмкіндігі шектелген балалар;

- түзеу-педагогикалық көмегін көрсетуге жағдайлары жоқ жалпы білім беру ұйымына тіркелген және үйде білім алатын мүмкіндігі шектелген балалар.

32. Дер кезінде ерте оңалту, мүгедектік мен әлеуметтік бейімделмеушіліктің алдын алу мақсатында оңалту орталықтарына басым бағытта 0-3 жас аралығындағы балалар қабылданады.

 

2-қосымша.

 

 

Балаларды ПМПК-ке алдын-ала жазу журналы

Журнал предварительной записи детей в ПМПК

 

Тексерілген күні

 

Дата

обследования

Келген уақыты

 

Время обследования

Баланың тегі, аты

 

ФИО ребенка

Баланың жасы

 

 

возраст

ПМПК-ке келу себептері

 

Основание обращения в ПМПК

 

 

 

 

 

 

ПМПК-те тексеруден өткен балаларды тіркеу журналы        

 Журнал учета детей, прошедших обследование в ПМПК

 

Баланың тегі, аты

ФИО

Туылған

 

Дата рождения

Тексерілген күні

 

Дата обследования

Бастапкы

Диагноз

Предварительный диагноз

Мекен жайы

 

Домашний адрес

ПМПК тұжырымдамасы

 

Заключение ПМПК

Ұсынымдар

 

Рекомендации

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-қосымша     

 

Баланың даму картасы.

Карта развития ребенка

Келген уақыты

Дата______________________________________________________________

Тегі___________________ Аты___________________ Әкесінің аты ________

Фамилия                               Имя                                        Отчество                                     

Туған жылы, айы, күні _____________________________________________

Дата рождения (число, месяц, год)

Мектеп№_______________Сынып_______________Оқу тілі______________

Школа №                            Класс                               Язык обучения

Балабақша_________________________________________________________

Детский сад

Кім жіберді________________________________________________________

Кем направлен

Мекенжай_________________________________________________________

Домашний адрес

Телефон_____________________Мүгедектігі____________________________

                                             Инвалидность

Отбасы құрамы______________________________________

Состав семьи:

Анасы (аты-жөні, жасы, білімі) ______________________________________

Мать (Ф.И.О., возраст, образование)

Әкесі (аты-жөні, жасы, білімі) ____________________________________

Отец (Ф.И.О., возраст, образование)      

Басқа балалары (жынысы,жасы)_______________________________________

Другие дети (пол, возраст)

Отбасының басқа мүшелері ______________________________________

Другие члены семьи 

ПМПК-ке келу себептері _______________________________________

Основания обращения в ПМПК

Ата-анасының шағымдары _______________________________________

Жалобы родителей

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анамнездік мәліметтер. Анамнестические данные

 

Анасының жүктілік кезіндегі жағдайы

Течение беременности матери

Жүктілік кезіндегі күн түзімі мен еңбек жағдайлары (кәсіби зияндылықтардың болуы)

Условия режима и труда во время беременности (наличие профессиональных вредностей)

Босану

Роды

Салмағы

Вес

Бас көлемі

Окружность головы

Кеуде көлемі

Окружность груди

Туа салысымен жылады

Закричал сразу                                                  

Апгар шкаласымен бағалануы

Оценка по шкале Апгар

Асфикция болды

Была асфиксия

Перзентханадан шыққан уақыты

Дата выписки из родильного дома

Перзентханадан шыққаннан кейінгі аңғарым

Диагноз при выписке из родильного дома

Тамақтандыру(емшекпен, жасанды)

Вскармливание (грудное, искусственное)

Емшектен айырылды

Отнят от груди

Үлкен еңбегінің жабылу мерзімі

Время закрытия большого родничка

Қимыл-қозғалысының дамуы:

Моторное развитие:

Басын ұстады ________ отырды  _________ жүрді ________ айда

Держит головку              сидит                       ходит                    мес.

Психикалық дамуы:

Психическое развитие:

Жандану кешену

Комплекс оживления

Көру реакциясы

Реакция зрительного сосредоточения

Есту реакциясы

Реакция слухового сосредоточения

Заттармен іс-әрекеті

Манипуляция с предметами действия

Былдырлауы

Лепет

Ересек адамның сөзін түсінуі

Понимание речи взрослого

Алғашқы сөздері

Первые слова

Алғашқы сөздері

Первые фразы

Тазалық дағдыларын менгеру

Усвоение навыков опрятности

Өзіне қызмет көрсету дағдыларын менгеру

Усвоение навыков самообслуживания

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мінез-құлықтарының даму ерекшеліктері

(туылған кезінен бастап қазіргі кезге дейін).

Особенности развития  (с момента рождения и до настоящего времени)

 

Аурулары (туылғаннан бастап қазіргі кезге дейін)

Заболевания (перенесенные с рождения и до настоящего времени)

тырысқақ ұстамалары

судороги

нейроинфекциялар

нейроинфекции

бас-ми жарақаты

черепно-мозговая травма

реанимация фактілері

факты реанимации

вакцинадан кейінгі асқынулар

поствакциональные осложнения

жұқпалы аурулар

инфекционные заболевания

соматикалық аурулар

соматические заболевания

кіші және үлкен дәретінің ұстамауы (сирек, кейде жиы), тұтығу, тартылулар, мәжбүрлі қозғалыстар, аллергия, диатез, дисбактериоз

недержание мочи, кала (редко, иногда, часто)

заикание тики, навязчивые движения, аллергия, диатез, дисбактериоз

Отбасылық анамнез

Семейный анамнез

Балабақшада болуы

Пребывание в детском саду

Бейімделу ерекшеліктері

Особенности адаптации

Бағдарламаны игеруі

Усвоение программы

Мектепте оқу кезеңі:

қанша жасынан бастап оқыды

Период школьного обучения

 начал учиться

Оқу мекемесінің түрі

Тип организации

Сыныптарды ауыстыруы

Дублирование класса

Оқу барысындағы қиындықтар

Трудности обучения

 

Баланың психикалық даму  проблемаларының тарихы. Баланың даму барысындағы әлеуметтік жағдай.

Социальная ситуация развития ребенка. История проблем психического развития ребенка

Отбасының әлеуметтік сипаттамасы

ерекшеліктерсіз, әлеуметтік-педагогикалық тексеруді қажет етеді

Социальная характеристика семьи

без особенностей; нуждается в социально педагогическом обследовании

Ата-ана тәрбиесінің түрі мен жағдайлары

Тип  и условия родительского воспитания

 

Баланың психикалық даму проблемаларының тарихы

История проблем психического развития ребенка

 

Невропатологтың тексерулері

Обследования ребенка невропатологом                                  

Психиатрдың тексерулері

Обследования ребенка психиатром

Психологтың  тексерулері

Обследования ребенка психологом

Логопедтің тексерулері

Обследования ребенка учителем-логопедом

Педагогтың  тексерулері

Обследования ребенка педагогом

Окулистің тексерулері

Обследования ребенка окулистом

Сурдологтың  тексерулері

Обследование сурдологом

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Параклиникалық зерттеулердің қорытындылары

Результаты  параклинических исследований

Әлеуметтік  педагогтын қорытындысы

Заключение социального педагога

Қосымша ақпарат

Дополнительная информация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПМПКтің жалпы тұжырымы (медициналық анғарым, психологиялық- педагогикалық қортынды)

Общее заключение ПМПК (медицинский диагноз, психолого-педагогическое заключение):

 

Ерекше пікір  

Особое мнение

Ұсынымдар

Рекомендации

ПМПК меңгерушісі

Заведующий ПМПК

ПМПК мамандары

Специалисты ПМПК                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              4-қосымша

 

 

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қортындысы

Заключение психолого-медико-педагогической консультации

 

Мекен-жайы ______________________________________________________

Адрес

Телефон __________________________________________________________                                                                                                                                 

Берілді___________________________________________________________

Выдано

Кеңестен өткені жайлы  __________     күні   _____  айы  ______  жылы

в том, что был (а) консультирован (а)   числа             месяц             год

Тұжырым

Заключение ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

Ұсынымдар

Рекомендации ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

ПМПК   Меңгерушісі_________________________________________________

Заведующий  ПМПК

Мамандар___________________________________________________________

Специалисты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-қосымша

 

Бағыттама

Берілді ____________________________________________________________________,

«_____»__________________жылы туылған, мекен-жайы ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

арнайы білім беру ұйымына жіберіледі.

 

ПМПК менгерушісі

 

«_____» ____________________________ 20____ж.

 

М.О.

 

 

Жаңартылған күні: 19.04.2019 16:44
Құрылған күні: 19.04.2019 16:44

Текст