Ұйымдар тізімі
7 тамыз күні «Новочеркасское ауылының негізгі орта мектебі» КММ жанындағы «Балақай мектебінде» тәрбиеленушілер үшін қызықты оқу іс-әрекеттеріне, шығармашылыққа және белсенді ойындарға толы мазмұнды әрі танымдық күн ұйымдастырылды. Сауат ашу негіздері сабағында балалар «сөз» және «сөйлем» ұғымдарымен танысып, қарапайым сөйлемдер құрастыруды үйреніп, сөйлеу тілдерін дамытты. Қолды жазуға дайындау барысында тәрбиеленушілер әртүрлі пішіндегі сәндік өрнектер салып, ұсақ қол моторикасын, зейінін және ұқыптылығын жетілдірді. Математика негіздері сабағында мектепалды даярлық тәрбиеленушілері 5 және 6 сандарымен танысып, олардың қалай құрылатынын білді. Сондай-ақ «үлкен», «кіші» және «тең» ұғымдарын қолдана отырып, жиындарды салыстырды және таяқшалар мен басқа да материалдардың көмегімен сандарды құрастырды. Балалардың ерекше қызығушылығын «Жүрісі» және «Кім қалай жүреді?» атты қимыл-еліктеу ойындары тудырды. Бұл ойындар олардың қиялын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. «Тап та ата» дидактикалық ойыны барысында балалар түстер туралы білімдерін бекітіп, зейінін, ойлау қабілетін және ұсақ моторикасын дамытты. Күн «Сөз ойындары» тақырыбындағы презентациямен қорытындыланды. Балалар қызықты сөздік ойындармен танысып, сөздік қорларын толықтырды. Серуен кезінде тәрбиеленушілер «Күн мен жаңбыр», «Ұстаушылар», «Өз түсіңді тап» атты қимылды ойындарды қызыға ойнады. Таза ауадағы ойындар балаларға сергектік сыйлап, көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды, сондай-ақ ептілік, шапшаңдық, төзімділік және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Күн жарқын әсерлерге толы болып, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен көптеген жағымды эмоциялар сыйлады!



1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында...