6 желтоқсан күні 11 «Б» сыныбында «Жарықтың электромагниттік табиғаты және оның жылдамдығы» тақырыбында физика пәнінен ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: Жарық жылдамдығының мәнің астрономиялық және зертханалық есептелуімен таныстыру. Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтау үшін "Морзе кодын" пайдаланды. Үй тапсырмасын тексеру, өтілген тақырыптарды бекіту үшін алдымен «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы ашқан жаңалықтар жылдарына қарай үлестірілді. (бірін - бірі бағалау) Әрі қарай жұмыс жасау үшін «Үш» ойыны арқылы «Жарық» және «Көлеңке» топтарына бөлінді. «Алты қалпақ» қабылдауымен «Телефон» және «Радио» сандық технологиясының екі ашылымы талданды. (өзін-өзі бағалау) Одан кейін тақырып бойынша бейнероликті түсіндіру арқылы сабақтың жаңа тақырыбына көштік.
Рефлексия және бағалау: әркім сабақ және сабаққа дайындық туралы өз пікірін білдірді. Оқушылар өзің және топтағы барлық адамдарды бағалап шықты.