Текст
3 «Б» және 4 «Б» сыныптарында «Цифрлық әлемге аман-есен қадам бас» тақырыбында сынып сағаты өтті. Эмоциялық көңіл-күй тудыру үшін оқушыларды тәуелсіздікке, отансүйгіштікке баули отырып, Қазақстан Республикасының әнұранын бірлесе орындадық. Біз цифрлық технология заманында өмір сүріп жатырмыз, интернетте көп уақытымызды ақпарат іздеуге жұмсаймыз, бүгінгі күні балаларға бейне, слайдтар көру арқылы ақпараттық әлемді дұрыс меңгеруді үйрену өте маңызды екендігі айтылды.Осы мәселеге тап болған оқушылардың өмірлік жағдайлары туралы мәліметтерді тыңдадық. Қорытындылай келе, балалар интернетте өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпарат алды.