Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің әдістемелік тақырыбы:
«Жаңа заманауи оқу үрдістері арқылы сапалы білім беру»
Әдістемелік бірлестіктің мақсаты:
Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, жас ұрпаққа жаңа заманауи оқу үрдістері арқылы сапалы білім беру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.
Әдістемелік бірлестіктің құрамы:
|
2021-2022 оқу жылының 1 жартыжылдығында пән мұғалімдері отырысқа жиналып, екінші жартыжылдыққа жоспар құрдық. Әр мұғалім сабақтары, пән апталығы бойынша өз ұсыныстарын айтты.
|
Әдістемелік бірлестік жылдық жоспар бойынша жұмыс істеді. Бірінші жартыжылдық бойынша 2 бірлестік отырысы өткізілді. Отырыста жоспар бойынша мұғалімдер баяндамалары тыңдалды.
Мектебімізде 6-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мере кесіне арналған «Ана тілім - ардағым» атты тілдер онкүндігі жоспарланды. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты.
Онкүндіктің негізгі мақсаттары:
-оқушылардың тілге деген құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін біліп таныту, тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру;
-оқушыларды үштұғырлы тілді жетік білуге тәрбиелеу және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту;
-жас жеткіншіктерді өз елінің тілін, жерін, тарихын сүйетін білімді де сауатты тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
6 қыркүйек күні апталықтың ашылуы өткізілді. Әр сыныпта тіл мамандары апталықтың ашылуына байланысты сабақтар өткізіп, онкүндік жоспарымен таныстырды.
7 қыркүйек күні кітапханашы Н.А. Бахареваның ұйымдастыруы бойынша мектеп фойесінде «Ұлылардың ұлысы Абай» тақырыбына кітаптардан иллюстрациялық экспозиция жасалды. Көрмеге көркем және деректі әдебиеттер, газет мақалалары, рефераттар қойылды. Кітапханашы қызықтырған кітаптарды QR-код бойынша таңдап көмектесті.
9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қазбекова Г.Ж. 10 «А» сыныбында «Тіл-ең асыл құндылық» тақырыбына эссе жазу жұмысы жүргізілді. Эссе жұмысының қорытындысы бойынша Қазбекова Назеркенің, Анапина Замираның жұмыстары үздік деп танылды.
10 қыркүйек күні жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саутова Б.К. 9 «А» сынып оқушыларымен «Қазақстан- бірлігі бекем, тағдыры ортақ- Мәңгілік ел» тақырыбына эссе жазу жұмысы жүргізілді.
9-10 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері Мусина К.Е. және Матейкович Е.В. бастауыш мектепте Абай Құнанбаевтың табиғат тақырыбына жазылған шығармалары желісімен «Табиғат - ғажап әлем» атты суреттер көрмесін өткізді. Оқушылар жылдың төрт мезгіліне байланысты суреттер салып, өз өнерлерін көрсетті.
13 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Тайшибаева Т.А. және Саутова Б. К. қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына байланысты «Алғашқы ұстаз» тақырыбына 5-8 сынып оқушыларына диктант жұмыстары ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен таныстыру.
14 қыркүйек күні ағылшын тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Б. Б. 5 «А» және «Б» сыныптарда «Хош келдің, мистер Девид!» тақырыбына сабақ өткізді. Сабақта шетелден қонақ келіп, ол өз елінің дәстүрлері және рәміздері жайлы әңгімелеп берді. Сабақ оқушылар үшін өте қызықты болды.
16 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исмагулова С.К. 1-4 cыныптар арасында «Мақал-мәтелдер» сайысын өткізді. Сайыста оқушылар мақал-мәтелдер айтып жарысты. Мақалдардың мағынасын айтып түсіндірді.
Желтоқсан айының 13-і күні Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті. Қазбекова Назерке, Абылкасымов Айып 1-орын, Салыкова Сания, Анапина Лунияра 2-орын, Макарина Ясмина, Логвиненко Тамара 3-орындарға ие болды.
14-і күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саутова Б. К. 6 «Б» сыныбында «Туған жерім - Қазақстан» тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншілігін ояту, халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу. Сабақта оқушылар сұрақтарға жауап берді, мақалдарды жалғастарды, салт-дәстүрлерге тоқталды, ән айтты.
Қараша-желтоқсан айларында оқушыларымыз жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының Республикалық олимпиадасына қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Анапина Медина, Абылкасымов Айып аудандық кезеңде 1-орынға, Абылкасымов Айып облыстық кезеңде 3-орынға ие болды.
Тіліміз бен мәдениетіміздің, әдебиетіміздің дамуына үлес қосқаны үшін Қазбекова Г. Ж. облыстық алғыс хатпен марапатталды.
Саутова Б.К. қашықтық КИО олимпиадасына қатысып, 3-орынға, "Ұлы даланың дара ұстазы" республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, 2-орынға, Қазақ тілі пәні бойынша 2 Республикалық қашықтық олимпиада 3-орынға ие болды.
Тайшибаева Т.А. "Ұлы даланың дара ұстазы" республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, 1- орынға, Қазақ тілі пәні бойынша 2 Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, 2-орынға ие болды.
Исмагулова С. К. «Ұстаз тілегі» олимпиадасына қатысып, 2-орынға ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің
2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығына мониторингі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша
Сыныбы
Исмагулова С. К.
Казбекова Г. Ж.
Тайшибаева Т. А.
Саутова Б. К.
І тоқсан
84%
80 %
62%
77%
ІІ тоқсан
86%
81 %
72%
85%