Ұйымдар тізімі
Отанға деген сүйіспеншілік — бұл әрдайым ұрандату емес. Көбінесе бұл әрқайсымыздың жүрегіміздің түбінде жатқан тыныш та терең сезім. Кейде қарапайым сөзбен жеткізу қиын болатын осынау күйді қалай білдіруге болады? Міне, осындай сәтте өнер көмекке келеді.Біздің мектептің оқушылары «Қазақстан — достық мекені» атты аудандық сурет байқауына қатысты. Олар түстер үйлесімі арқылы туған өлкеге, атамекен табиғатына деген таңданыстарын жеткізе білді. Ақ қағаз бетінде ұшы-қиырсыз кең дала, орман пейзаждары мен мөлдіреген көгілдір көлдер бейнесі жандана түсті.Байқау қазылар алқасы оқушыларымыздың шығармашылығын жоғары бағалады:Қайыржанова Самал мен Пинчук Ксения — 1-орын;Андреева Дарья мен Гринкина Дарина — 2-орын;Шигібаева Ботагөз — 3-орын.Жеңімпаздарымызға шығармашылық шабыт тілейміз! Өйткені туған жерден нәр алған шығармашылық бізді рухани байытып, бір-бірімізге жақындата түседі.



«Адал Азамат» тәрбие...