Текст
Мектептегі балалардың жазғы сауықтыру бағдарламасы аясында 5-6 сынып оқушылары арасында математикалық үйірме сабағы өткізілді. «Уақытты өлшеудің тарихы» тақырыбындағы сабақ қызығушылықпен өтті. Оқушылар алған білімдерін ортаға салды, білімдерін тәжірибе жүзінде кеңейтті. «Кім жылдам» ойыны балаларға тек білімді ғана емес, логиканы да қолдануға мүмкіндік берді. Ойын топтық рух пен көшбасшылық қасиеттерді дамытуға да көмектесті.