Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады. Әскери қызмет-Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларына қол сұғылмаушылықты Қарулы қорғаумен байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.
Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастаулар мен шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
Әскери-патриоттық тәрбие бойынша жоспарға сәйкес 10-11 сынып оқушыларымен "мемлекеттің конституциялық негіздері"тақырыбында кездесулер өткізілді. Әскери қызметшінің мәртебесі. Әскери қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері. Аталған іс-шараны өткізу барысында дидактикалық материалдар, ҚР Конституциясы қолданылды, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері туралы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу соңында АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.