26.04, 27.04,28.04.2022 ж 4 «А»-сыныбында қазақ тілі пәнінен Сабақтар топтамасының сабағы «Үстеу» тақырыбында Lesson Study сабақ өткіздім. Сабақта үш оқушыны «А» оқушы Қошқарбаева Гүлжайна, «В» оқушы Шерьезданов Аслан, «С» оқушы Нығметолла Рахметті алып үш мұғалім бақылауға алды. Бірінші сабақтың мақсатын балалардың қажеттіліктерін анықтай отырып, тапсырмаларды «А», «В», «С» оқушыларға лайықтап етіп алдым. Жаңа сабақты түсіну үшін бірінші жаттығуды орындатып, ережесін өздері шығарып, слайд арқылы қорытындыладық. Әрі қарай балалардың білімдерін шыңдау және қолдану мақсатында жаттығулар орындаттым. 2-жаттығуды топтық жұмыс ретінде бердім. Оқушылар топпен жұмыс істегенде басқа оқушының ойымен санаса алады, ережелерге сүйене біледі.
Оқулықпен жұмыс кезінде 3-жаттығуды шығармашылық жұмыс ретінде орындаттым. Сабақты өту кезінде жеткен жетістігімді саралай келе,сапалы білім беріп,жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,саналы оқушы шығаруды көздеймін.