Текст
Ұйымдар тізімі
14.05 күні ғылыми жобалар онкүндігі аясында бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – жас оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің дайындаған жұмыстарын таныстырып, түрлі бағыттағы жобаларын ұсынды. Көрмеге экология, табиғат, техника, денсаулық және шығармашылық тақырыптарындағы жұмыстар қойылды. Оқушылар өз еңбектерін сенімді қорғап, ізденімпаздықтарын көрсете білді.
Көрмені ұйымдастыруға сынып жетекшілері белсенді қатысып, оқушыларға бағыт-бағдар берді. Іс-шара жас зерттеушілердің тәжірибе жинақтауына және шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасады.




Сыңғырла, соңғы қоңырау!