«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық кампанияға орай өткен «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы. Ата-ананың басты қуанышы- бала.Ата-ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан –жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы-өмірдің тірегі санайды. Әр бала дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі болуы және мектеппен тығыз байланыста болуы керек. Сонда ғана білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс.