Ұйымдар тізімі
4 "А" сыныбында қазақ тілінен Lesson Study сабағы өтті. Тақырыбы: "Сөйлемнің біріңғай мүшесі" Үш оқушы бақылауға алынды. А- Сабыр Нұртас В- Мерген Камшат С- Тоқтаржанова Наргиз Сабақ барысында бірыңғай мүшелердің қызметі, сөйлемдегі орнын түсіндірілді. Топтық жұмыс ұсынылды: сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табу, жалғаулықтарды қою. Жұптық тапсырма: берілген мәтіннен бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді теріп жазу.
Бақыланған оқушылар әрекеті
А деңгейлі оқушы: ережені тез меңгеріп, тапсырмаларды нақты орындады.
В деңгейлі оқушы: мысалдарды табуда аздап қиналды, бірақ топ көмегімен тапсырманы орындады.
С деңгейлі оқушы: бірыңғай мүшелерді ажыратуда қиналды, мұғалімнің қолдауы қажет болды. Оқушылар бірыңғай мүшелердің сөйлемде қандай қызмет атқаратынын түсінді.
Олардың бір-бірімен тыныс белгілері арқылы байланысатынын меңгерді. Оқушылардың топтық жұмысы жанданды, бір-бірін тыңдау дағдылары дамыды.
Сабақ мақсатына жетті.
S деңгейлі оқушыларға — қосымша визуалды тірек-құралдар қажет.
В деңгейлі оқушыға — мысалдар арқылы бекіту жұмыстарын көбейту ұсынылады.
А деңгейлі оқушыға — күрделі тапсырмалар беру тиімді.







IQanat Олимпиадасының I кезеңі.